«Рухани жаңғыру» аясындағы іс-шара

«Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас». Жүрегі елім, жерім деп соғатын әр азамат өз Отанын сүйеді, қастерлейді, мақтан тұтады. Елбасымыз Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының аясында Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясымен жасалып жатқан іс-шаралар саны аз емес. Солардың бірі әкімшілік құқық және әкімшілік қызмет кафедрасымен ұйымдастырылған «Туған ел, туған жер» іс-шарасы болды.

Аталған іс-шара 2017 жылдың 25 желтоқсаны күні 3-4 курс курсанттарының қатысуымен өткізілді. Екі курстан құралған екі команда викторинаға белсене атсалысты, өз білімдерін аянбай ортаға салды.

Курсанттардың білімдерін әділқазылар алқасы полиция майоры Е.Акимжанов пен полиция капитаны Б. Алпейсов сынады.

Викторинада озық шыққан 3 курс курсанттарының командасы грамотамен марапатталып, сыйлық табыс етілді.

Осы сынды іс-шаралар әрі қарай әлі де жалғасын табады.

А. Мұрат

әкімшілік құқық және

әкімшілік қызмет

кафедрасының оқытушысы

полиция аға лейтенанты