Қылмыстық-атқару жүйесінде теолог қызметін дұрыс ұйымдастыру бойынша семинар.

2017 жылың желтоқсан айының 8–16 күндері аралығында Маңғыстау және Атырау облыстарында кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізу іссапары кезінде қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінде теологтың жұмысын дұрыс ұйымдастыру бойынша семинар өткізілді. Семинарға мекеме бастықтарының тәрбие жұмысы бойынша орынбасарлары, тәртіп, жедел бөлім қызметкерлері мен жаңадан қабылданған теолог қызметкерлері қатысты.

Семинардың күн тәртібіне сәйкес, теолог қызметіне арнайы діни біліммен қабылдануы және олардың қызмет атқарудағы маңызды мәселелері, қызметтік міндеттемелерінің дұрыс қалыптасуы мен қызметтік бағытына сай келуін талқылау болды.

Өкінішке орай қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде жаңадан ашылған теолог мамандарының лауазымында заңгер немесе психолог мамандығы бойынша қызмет атқарып жатқаны және олардың қызметтік міндеттемелері жоқ болып шыққаны анықталды. Аталған облыстардағы ҚАЖ мекемелерінде теолог мамандарының жұмысы бұл, діни басқармаларындағы теолог мамандарын мекемеге шақырып сотталғандармен сұхбат жүргізуді ұйымдастыруды жүзеге асырып отырады. Аталған ісшараны теолог штатын ашпай жатып өткізіліп отыратынын айтуда. Яғни Қазақстан Республикасы ҚАЖ мекемелерінің әрбіреуіне 2 теолог штаты ашылған, ал республика бойынша 72 ҚАЖ мекемесі бар және жалпы 144 теолог қызметкері өзінің лауазымдық міндеттерін дұрыс орындайалмауда.

Қылмыстық-атқару жүйесі департамент басшыларының айтуы бойынша теолог лауазымына діни мамандығы бар азаматтардың жұмысқа тұру бойынша қалаушылардың саны аз екенін айтуда. Оған қоса, қызметке тұруға келген діни мамандығы бар азаматтардың барлығы қызметке қабылдану барысындағы заңдар бойынша тапсырылатын эмтихандардан өте алмауда. Ал, заңгер және психолог мамандығы бойынша қызмет атқарып жатқан қызметкерлер мекемедегі жасақ бастығы лауазымының қызметтік міндеттемесімен қызмет атқаруда.

Елбасы Н.Ә. Назарбаев теолог мамандарының штатын ашу мен енгізу бойынша берілген нұсқауы өзекті мәселелердің туындауы және оларды шешуде шешуші рөл атқаратын теолог мамандарының қызметін ұйымдастыру қажет екенін белгілеген болатын.

Өткізілген семинар сабағы бойынша ҚАЖ мекемелеріне енгізілген теолог мамандарының қызметін ұйымдастыру бойынша өзіндік ерекшеліктеріне сай келетін қызметтік міндеттемелерін жасау, олардың басқада лауазымдық қызметкерлерінің қызметін атқаруға жол бермеу, теолог мамандарының өзінің негізгі қызметі мен айналысу яғни, теологиялық жұмыспен және басқада бөлім қызметкерлерінің жұмысын дұрыс бағыттау болып табылады. Теолог мамандарының басқа да бөлім қызметкерлерінің діни теріс ағымдағы сотталғандармен жұмыс атқарудағы дұрыс бағыттау жұмыстарын жүргізу үшін, теолог лауазымына діни мамандығы бар қызметкерлерді қабылдау қажет. Ол үшін жергізілікті діни басқармаларында кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізу арқылы теолог қызметіне мамандарды шақыру.

Атап өтетін болсақ Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты тергеу изоляторы бостығының тәрбие жұмысы бойынша орынбасары әділет майоры Г. Чутабековтың теолог лауазымына діни мамандығы бар қызметкерді арнайы заң тестерін тапсырудың алдында дайындықтарын бақылап, оған қолдау көрсетудің нәтижесінде мекемесіне тиісті білікті маманның жұмыс атқаруына қол жеткізгенін бағалауды талап етеді. ҚАЖ мекемелерінде білікті теолог мамандарының қызмет атқаруы ғана тиісті нәтижелерін беретінін түсіндіре отыра семинарды аяқтаған болатынбыз.






                                      Қылмыстық процесс және криминалистика

                                      кафедрасының аға оқытушысы

                                      полиция майоры

                                      Кайнар Е.Е.