Дүйсенбідегі Академия жаңалықтары

Бүгін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы  Қостанай академиясында аттестатталған жеке және ауыспалы құрамға Ішкі істер министрлігінің кезекті тоқсандық жоспарына сәйкес, Академия бастығы полиция генерал-майоры Мирлан Қызыловтың пәрмені бойынша таңғы 6.00-де «Дабыл» жинақтау сигналы жарияланды.

Академия бастығының пәрменінен кейін Академия аумағына Академияның жеке және ауыспалы құрамы 30 минут ішінде толықтай жиналды. Бұл жинақтау дабылы Академияның жеке және ауыспалы құрамының қандайда төтенше жағдайларға дайын болуы және де офицер мырзалардың шапшаңдығы тексерілді. Тексеру барысында жеке құрамның «дабыл» чемодандары, газға қарсы маскалары, төтенше жағдай кезінде азықтарының болуы тексерілді.

Жинақтау кезінде қызметкерлердің кешігіп келуі, чемодандарының талапқа сай болмау кемшіліктері орын алмады. Жалпы кезекті «Дабыл» сигналы талапқа сәйкес толықтай орындалды.

«Дабыл» жинақтау белгісінен кейін әдеттегідей дүйсенбілік жалпыакадемиялық саптарам өтті.

Аталмыш саптарамда Академия бастығы полиция генерал-майоры М. Қызылов өткен аптада білімде, спортта және басқада сайыстан жеңімпаз атанған бірқатар Академия қызметкерлерін және курсанттарды грамоталармен және алғыс хаттармен марапаттау шарасы өтті.

Академия баспасөз қызметінің фотографы Сейтқали Камалов өткен аптада ұйымдастырылған Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс — қимыл Агенттігінің Қостанай облысы бойынша Департаменті «Адал бол» тақырыбында өткізген флешмоб форматындағы кеңмасштабты акциясында белсенді қатысып, бірінші орын алғаны үшін грамотасымен  марапатталды.  Сонымен қатар осындай грамотамен бірқатар қызметкерлер және курсанттар марапатқа ие болды.

Саптарам соңында барлық жеңімпаздарды және қызметкерлерді Академия бастығы жүрек жарды лебізімен құттықтап, алдағы келе жатқан жаңа жылда мол табыстарға жетулеріне тілектестік білдірді.

Академияның баспасөз хатшысы Мейрам Оспанов