«Күш — білімде, білім — кітапта»

2017 жылғы 12 желтоқсан күні ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы КОФ 2 курс курсанттары арасында қылмыстық, қылмыстық-атқару құқығы және криминология кафедрасының курсанттар ғылыми-зерттеу жұмысының 2017-2018 оқу жылы жоспарына сәйкес, қылмыстық, қылмыстық-атқару құқығы және криминология кафедрасы ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы пәнінен «Алғырлар» атты викторинасы өткізілді. Викторина,  курсанттардың Қазақстан Республикасы Қылмыстық құқығы пәніне деген қызығушылығы мен ізденісін арттыру мақсатында ұйымдастырылып өткізілді.

Ұйымдастырылған сайыс 3 кезеңнен тұрды: 1. «Тестілеу» кезеңі. Талап бойынша  командалар белгіленген уақыт аралығында тест сұрақтарына жауап берулері тиіс. Топ бірлесе отырып өздерінің топтасып жұмыс жүргізе алуларын көрсетеді. 2. Тәжірибелік тапсырма кезеңі — Қазақстан Республикасы қылмыстық құқығы бойынша тәжірибелік сипаттағы ситуациялық жағдайлар құрылды. Бұл жерде топтың шапшаңдығы және ойлау қабілеттері ескерілді. Әрине, ең бірінші жауаптарының дұрыстығы бағаланады.  3. Сызба — Қазақстан Республикасы қылмыстық құқығы бойынша қылмыстық құқық бұзушылық құрамын толығымен әрі дұрыс қамтитын сызба әзірлеуі ұсынылды.

Әділқазылар алқасы барлық кезең ұпайларын санап, жеңімпаз топты іріктеп, викторинаның қорытындысы бойынша келесі орындарды анықтады:

1 орын — 201 оқу тобы «Алғырлар» командасы;

2 орын — 203 оқу тобы «Заңгерлер» командасы;

3 орын — 202 оқу тобы «Қыран» командасы.

Әділқазылар алқасы жүлделі орын алғандарды құттықтап, дипломдармен марапаттады. Барлық қатысушыларға алғыстарын білдіріп, білім алу үрдісіне сәттілік тіледі.






ҚҚАҚжК кафедрасы бастығының орынбасары

полиция майоры Г.Кажикова

ҚҚАҚжК кафедрасының оқытушысы

полиция капитаны Р. Калиярова