АИТВ және ЖИТС ауруларының алдын-алу шаралары

1 желтоқсан –Дүниежүзілік  ЖИТС-мен күрес күні. Осы орайда, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы әйелдер кеңесімен іс-шаралар жоспары жасалған болатын. Осы жоспарға сәйкес, 2017 жылғы 8 желтоқсан күні Академия әйелдер кеңесі мүшелері полиция подполковнигі Т.А. Волошина мен полиция майоры Г.Н. Кажикова бірігіп 1 курс курсант қыздарымен АИТВ және ЖИТС-ның алдын-алу сұрақтарына арналған тренинг өткізді.

Тренингтің мақсаты АИТВ және ЖИТС-ның қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдің залалын жан-жақты меңгерту, зиянды әдеттен барынша аулақ болуға шақыру. АИТВ мен ЖИТС-ның адам өміріне зиянды әсерін аша отырып, олардың сана – сезімдерін тәрбиелеу және салауатты өмір суруге азаматты жауапкершілітерін орнықтыру болып табылады.

Тренинг барысында АИТВ және ЖИТС туралы қысқаша ақпарат айтылып, курсанттардың АИТВ және ЖИТС жайында қаншалықты мағлұмат білетіндіктері бақыланды, сонымен қатар курсанттармен «Круиз» атты рольдік ойын ойнатылып, олардың сол жағдайға түскен уақыттағы адамдардың орнында өздері болса, қандай әрекет жасайтындықтары қарастырылды. Қуантарлық жағдай, курсанттар АИТВ және ЖИТС туралы ақпаратты өте жақсы меңгерген, себебі тренинг барысында олардың әрекеттері соған дәлел болып отырды.

Кездесу соңында тернинг бойынша қорытынды жасалып, курсанттардың АИТВ және ЖИТС туралы білімдері қайта бекітіліп, пікір алмасу жасалды.  Курсанттардың айтуы бойынша оларға рольдік ойын қатты ұнаған, себебі олар бұл уақытқа дейін дәл бұндай жағдайды бастарынан өтеді деп терең ойланбаған екен және де болашақта өз білімдерімен өзге де курсанттармен, достарымен бөлісетіндіктерін айтып қоштасты.

Қорыта айтқанда, әр адам аурудың алдын алу үшін ауырмай тұрып, ауырмайтын жол іздеу керек. Салауатты өмір салтын ұстану, жеке бастың тазалығын сақтау арқылы айналасындағыларға дерттің алдын алуға мүмкіндік жасайды.






                                               Академия әйелдер кеңесінің мүшелері:

                                               полиция майоры Кажикова Г.Н.

                                               полиция подполковнигі Волошина Т.А.