Пікірсайыс басталды, «Шырақбек шәкірттері, алға!»

2017 жылдың 9 желтоқсаны күні, яғни бүгін Астана қаласында С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық универитетінде аталған университет пен «Аманат» пікірсайыс клубының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Мәңгілік ел –рухани жаңғыру бастамасы» тақырыбында пікірсайыс басталды.

Ұйымдастырушы оқу орнында бүгін пікірсайыстың ашылу салтанаты өтті. Аталған оқу орны мен «Аманат» пікірсайыс клубының жетекшілері сайысты аша отырып, қатысушы дебатшыларға сәттілік тіледі.

Пікірсайысқа еліміздің әр облысынан 60 команда жиналған. Екі күн ішінде осы алпыс команда өзара жарысып, өз өнерлерін көрсетеді.

Пікірсайысқа біздің оқу орнымыздың 4 курс курсанты Ильясов Руслан бастаған «Шырақбек шәкірттері» командасы қатысуда. Қатысушы курсанттарымызға сәттілік, жеңіс тілейміз!


Полиция капитаны

Б. Нуркина