Кәсіби бағдар жұмысы Шығыс Қазақстан облысында жалғасты  

2017 жылдың 22-25 қараша аралығында Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы полиция капитаны Карымсакова Дина Талғатқызы Шығыс Қазақстан облысы Семей және Өскемен қалаларына орта мектептеріне мектеп түлектеріне кәсіби бағдар беру іс-шаралары жүргізу мақсатымен іс-сапарға жіберілді.

2017 жылдың 22 қараша күні Шығыс Қазақстан облысы ҚАЖД ОВ156/14 мекемесінің қадр бөлімінің бастығы юстиция капитаны Кангожинова Салтанат, ОВ156/15 мекемесінің қадр бөлімінің инспекторы юстиция капитаны Камаржанов Руслан, ОВ156/16 мекемесінің қадр бөлімінің бастығы юстиция капитаны Мустафина Ляззатпен Семей қаласының Шәкәрім атындағы үш тілде оқитын көпбейінді гимназия, № 11, №18, №19, №22, №26, №29, №39  және КМҚК «Құрылыс колледжі» оқушыларымен кездесу өткізілді. Кездесу барысында қатысушылар Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясымен таныстырылды. Тыңдаушыларға Академияға оқуға түсу тәртібі мен шарттары туралы, Академияға оқуға түсуге үміткердің оқуға жолдама алу үшін ІІО кадр қызметіне бару, медициналық комиссиядан өту, ҰБТ/ҚТ тапсыру, медициналық, дене шынықтыру және психофизиологиялық көрсеткіштерінің қорытындылары бойынша іріктеу туралы айтылды. Кездесу соңында оқушылар Академия туралы деректі фильмді тамашалады.

2017 жылдың 23-24 қараша күні кәсіби бағдар бойынша кездесулер Шығыс Қазақстан облысы ҚАЖД жеке құрам бойынша аға инспектор юстиция подполковнигі Е.Р. Кожасеитов және кадр жұмысы бөлімі қызметкерлерінің ұйымдастырумен Өскемен қаласының №1, №3, №13, №14, №17,№18,  №20, №23, №30, №35, №26, орта мектептерінде жалғасты. Кездесу барысында мектеп бітірушілердің арасында қызығушылық танытып, Академияға оқуға тусуге ниет білдірген оқушылардан, оқуға түсу тәртібі, әскери-қызметтік тәртіп, ІІО-дағы қызмет ерекшеліктеріне қатысты, курсанттардың өміріне байланысты көптеген сұрақтар қойылып, оларға нақты жауаптар берілді.

2017 жылдың 25 қарашасында кәсіби бағдар бойынша кездесулерШҚО Ұлан ауданы Асұбұлақ кентінің орта мектебінде жалғастырылды.

Өскемен және Семей қаласының және Ұлан ауданының орта мектептерінде мектеп бітірушілерге кәсіби бағдар беру іс-шараларын жүзеге асыру барысында Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы туралы ақпараттар электронды нұсқада барлық орта мектептерге таратылды, оқушыларға, мектеп ұжымына Академияның ресми сайты туралы толық ақпарат берілді.

Кәсіби бағдар жұмысы бойынша 21 орта білім беру орны қамтылды және кездесулерге барлығы 1003 мектеп бітірушілер қатысты.






  

Мемлекеттік-құқықтық пәндер

кафедрасының аға оқытушысы

полиция капитаны Д.Т. Карымсакова