Академияның үздік курсанттары марапатталды

2017 жылғы 4 желтоқсан күні Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының саптық алаңында жалпыакадемиялық таңғы саптарамда білім және спорт жарысынан үздік шыққан курсанттарды марапаттау рәсімі өтті.

Бұл саптарамда курсанттардың оқуға деген ынтасын арттыру үшін ай сайын күндізгі оқыту факультетінде әр курста курсанттардың үлгерім қорытындысы («мамандық бойынша ең жақсы курс», «ең жақсы курс») шығарылады.  Үлгерім нәтижесі бойынша 1 орын алған курстар жалпыакадемиялық жеке құрамның жиналысында жалаушаға ие болады.

Бүгінгі жалаушаның иесі жалпы курстар бойынша 4 курс жеңімпаз атанды. Ал курстар арасындағы «Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша бірінші орынды 2 курстың ауыспалы құрамы жеңімпаз атанды. Жеңімпаз жалаушасын Академия бастығы полиция генерал-майоры Мирлан Қызылов өз қолымен, курсанттарға сәттілік тілеп, табыс етті.

Академия бастығы оқу үздіктеріне жалаушаны тапсырып болған соң, Лисаков қаласында өткен жеңіл атлетикадан жеңімпаз атанған жүлдегер курсанттарға грамоталарын берді.

Жалпыакадемиялық жиын соңында Академия бастығы полиция генерал-майоры Мирлан Қызылов жеке және ауыпалы құрамға алдағы келе жатқан мереке күндері қызметтік тәртіпті қатаң сақтауға, заң бұзушылыққа жол бермеуге шақырды.







Академияның баспасөз хатшысы М. ОСПАНОВ