Академияда — ҚР Тұңғыш Президент күні аталып өтті

Бүгін Қазақстан Республикасы ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының акт залында 1 Желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президент күніне арналған салтанатты жиын өтті.

Салтанатты бас қосуды Академияның бастығы полиция генерал-майор Мирлан Қызылов өзінің құттықтау сөзімен ашып, барлық әріптестерді ертеңгі Еліміздің Тұңғыш Президент  күнімен шын жүректен құттықтады. Мирлан Ахмедияұлы өз құттықтау сөзінде Елбасымыздың кемеңгер саясаткер екенін және бүгінгі күні барлық еңбек жігерін қазақ елінің туын биік, әрі берік ұстауына арнап келе жатқанын сөз етті.

Академия бастығының құттықтау сөзінен кейін Академияға және Ішкі істер органдарына еңбегі сіңген бір қатар қызметкерлерді марапаттап, Ішкі істер Министрінің атынан құрмет грамоталары мен алғыс хаттарды және мерзімі келген кейбір офицерлерге арнайы атақтарын табыс етті.

Осы іс-шарада Академия бастығының орынбасары полиция полковнигі Сергей Николаевич Бачуринге Ішкі істер Министрі полиция генерал-полковник Қ.Н. Қасымовтың атынан құрмет грамотасы табыс етілді.

Салтанатты жиын соңы, Академияға қонаққа келген өнерпаздардың концерттік бағдарламаларына ұласты. Міне осылай академия қызметкерлері Еліміздің Тұңғыш Президент күнін әдемі көңіл күймен қарсы алып, бір- бірлеріне алғыстарын жаудырды.










Академияның баспасөз хатшысы М. Оспанов