Біздің замандастарымыздың тарихы – Қазақстандағы 100 жаңа есім

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында ел дамуына зор үлес қосқан азаматтардың өздері мен олардың табысқа жету тарихына мән беріп, оларға ақпараттық қолдау жасап, танымал етудің жаңа мультимедиялық алаңын қалыптастыруға шақырған болатын. Осыған орай, ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының Әкімшілік құқық және әкімшілік қызмет кафедрасы күндізгі оқыту факультетінің 3 және 4 курс курсанттарымен «Біздің замандастарымыздың тарихы – «Қазақстандағы 100 жаңа есім» тақырыбы негізінде сұхбат өткізілді. Сұхбат өткізудің басты мақсаты болашақтағы  ұрпаққа  тәуелсіздік дәуірінде еліміздің көркеюіне үлес қосқан, ұлтымыздың алтын қорына енуге лайықты жерлестерімізді көпшілікке таныту болып табылады.

Елдегі қамқорлық пен қайырымдылық жасаушы тұлғалардың көпшілігі танымалдылық танытуға мән бермей жатады. Танымалдылықты артық дүние санайтын көптеген қарапайым тұлғалар өздерінің мерейлі істері үлкен бір ұрпақты тәрбиелеуге жететіндігін ескермейді. Адамгершілігі мол адамның қарапайым келетіндігі де белгілі. Алайда мұнда халық қалаған, аймақ қолдаған тұлғаны жұрттың өзі ұсынуы арқылы енгізілетінін жете назарға ала кету керек.

Қазақстанның жаңа заманғы келбетін қалыптастыруға ұмтылған тұлғалардан өнеге алған жастар да өзін жетістік жолында, елге еңбек сіңіру мақсатында өмірін сарып ететін болады. Елі үшін, жері үшін қандай да бір сауапты іс сіңіріп кетуге ұмтылады. Әрбір адамның мақсаты бұл туған елі мен кіндік қаны тамған атамекеніне еңбек сіңіру, бұл өмірге келуінің де басты міндеті екендігін сезіне алуы қажет.

Тасада қалып танылатын таланттар қанша ма?. Бұл жоба осы негізде таптырмас мүмкіндік. БАҚ арқылы оларды таныстыру, қоғамға көрсету, еңбектерін жарыққа шығару, насихаттау керек. Бұл арттан еріп келе жатқан жас буын, ұрпақ үшін үлкен күш-жігер болатыны сөзсіз. Тәуелсіздік жылдарынан кейін аз уақыт ішінде үлкен жетістікке жеткен жастар да аз емес. Осы жаңа есімдердің қатарында жас буындардың да болуы маңызды. Бұл сөзіміз анық болу үшін елбасының мақаласындағы мына бір жолды көрсетсек: «Сондықтан, оларды телевизиялық деректі туындылардың кейіпкеріне айналдыруымыз керек. Жастар өмірге шынайы көзбен қарап, өз тағдырларына өздері иелік ете алатын азаматтар болуы үшін оларға үлгі ұсынуымыз керек».

Жобаның жұмыс барысында үш ай аралығында  «el.kz» порталына        2 212 үміткер тіркелген. Тізімде түрлі сала мен барлық өңірдің өкілдері бар. Сарапшылар солардың арасынан 300 кандидатты іріктеліп,  үздік 100 есім қалың көпшілікпен анықталады.

Ұлт мақтанышы біздің бұрынғы өткен батыр бабаларымыз, данагөй билеріміз бен жырауларымызбен қатар бүгінгі күнгі замандастарымыздың жетістіктерінің тарихына да назар аударуды ұсынғанымыз жөн.



  Әкімшілік құқық және әкімшілік

  қызмет кафедрасы оқытушысы

   полиция капитаны Жұмашев М.А.