Қазақстан Республикасы ІІМ ҚАЖ Комитетіне енгізілген теолог қызметінің жұмысын дұрыс ұйымдастыру маңыздылығы.

2017 жылдың бірінші жартысында Елбасы Н.Ә. Назарбаевтің халыққа жолдауының аясында Қазақстан Республикасы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі Комитетінің мекемелерінде теолог штаты ашылған болатын. Қазіргі таңда қылмыстық-атқару мекемелерінде 2 теолог қызметінің штаты ашылған қызметкерлер қабылдануда.

2017 жылы қараша айының 19-26 күндері аралығында Ақтөбе және Батыс Қазақстан облысының Орал қалаларына кәсіптік бағдар жұмысы бойынша іссапарда болдым. Іссапар кезінде Орал қаласының қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің тәрбие жұмысы бойынша орынбасарлары, мекеме жедел уәкілдері мен теолог қызметкерлерімен кездесу болып өтті.

 Аталған кездесудің нәтижесінде теолог қызметкерлерінің жұмысы әр облыста әртүрлі ұйымдастырылып жатқаны анықталды. Яғни, жұмыстың бір бағыты жоқ және теолог лауазымсына сол мекемелердің бұрынғы қызметкерлері ауыстырылып қызмет атқаруда. Теолог мамандарының қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне өте қажет және маңызды. Сондықтан олардың қызметтік міндеттері мен жұмыс бағыты дұрыс реттелуді талап етеді. Теолог маманы бұл кез келген мамандық секілді өзінің мамандығын талап етеді. Алайда, теолог лауазымына заңгер мамандығы және психолог мамандығы бойынша қызмет атқару үлкен кемшіліктер мен зардаптарға алып келуі мүмкін. Теолог қызметін атқарып жатқан қызметкерлер тәрбие бөлімінде есепте тұрғандықтан олардың қызметтік міндеті мекеменің жасақ бастығымен бір болғаны анықталды. Теолог қызметкері өзінің қызметтік міндеттемелеріне қатысты ешқандай есептік кітапшалар жүргізбейді екен. Бұл теологтың жұмысының жүргізілмеуін және өзімен бақылауды жоққа шығарады.

2017 жылы 24 қарашада сағат 14-00 де Батыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қабырғасында болып өткен кездесуде менімен теолог мамандарының жұмысын ұйымдастыру бойынша тәжірибелік әдістеменің жолдарымен таныстырып өттім. Аталған әдістеме Қазақстан Республикасы Парламен Мәжілісінің талдауымен және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қолдауынан өткен болатын. Яғни, қызметкерлерге теолог қызметкерлерінің жұмысын дұрыс ұйымдастыру және олардың есептік кітапшаларының түрлері мен жұмыс бағыттары түсіндіріліп өтті. Теолог мамандарының басқада бөлімшелері мен байланыс жолдары, оларға беретін анықтамаларды жасаудың нұсқасымен таныстырып өттім. Теолог лауазымына арнаулы білімі бар қызметкерлерді қабылдау үшін конкурстар өткізу мен кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізу бағыты ұсынылды.

ҚАЖД қызметкерлерімен 3 сағатқа созылған кездесу көптеген сұрақтар мен ұсыныстар тудырды. Мекеме бастықтары мен орынбасарлары теолог мамандарының қызметтік міндеттемелері жоқтығын айта отырып, олардың міндеттемелерін жасақ бастықтардан ерекшелендіру ұсынды, яғни мекемеде қызмет атқаратын психологтардың жұмыс бағытына сәйкестендіру керек деген көзқарастарын білдірді.

Аталған кездесу өткізіп жатқан өзіме де және ҚАЖ мекеме қызметкерлеріне пайдалы болып өтті. Себебі, жаңадан ашылған теолог лауазымындағы қызметкерлер өзінің жұмысын реттеу бойынша бағыттың көзін көрмегенін айтуда. Әрбір лауазымдық қызмет өзінің қызметтік міндеттемелерімен реттеледі. Қызметтік міндеттеменің болмауы жұмыстың дұрыс нәтижесіне жетпеуге, қызметкерлер өздерінің әрекеттерінің нәтижелері заңды және заңды емес екендігін білмеуі, теолог мамандарының негізгі енгізу бағытының ақталмауына алып келеді. Жүргізілген дәріс сабағы қызметкерлердің жұмыс бағытын реттеуге ықпал етеді деген үміттемін.



                                      Қылмыстық процесс және криминалистика

                                      кафедрасының аға оқытушысы

                                      полиция майоры

                                      Кайнар Е.Е.