«Ішкі істер құрамасын» құттықтаймыз!

«Әзілде кек жоқ, күлкіде шек жоқ. Әділ биде әзіл жоқ». Әзіл-қалжыңдар айтып, қызықты суырып салмалармен көрерменнің көзайымына айналу – көңілділер мен тапқырлар клубының басты мақсаты.

Қашанда әзілі жарасқан қазақ жұрты әзілмен ойларын жақсы жеткізе білген. Қазір де әзіл-қалжың көнерген емес, керісінше, түрлі клубтар мен бағдарламалар арқылы даму үстінде.

Академияның курсанттарынан құралған «Ішкі істер құрамасы» командасы 2017 жылдың 18 қарашасында өткен Қостанай ашық лигасының финалында өнерлерін көрсетті. Алты команда ішінде жүйрік шыққан «Ішкі істер құрамасы» жеңіске жетіп, жүлделі орынға ие болды.

Аталған іс-шараға тәрбие жұмысы бөлімінің жоспарына сәйкес құрылған «мәдениет» университеті шеңберінде және қолдау көрсету мақсатында күндізгі оқыту факультетінің 1 курсының 101 оқу тобының курсанттары да барды.

101 оқу тобының курсанттары «Ішкі істер құрамасын» жеңістерімен шын жүректен құттықтап, болашақта биік белестерден көрінулерін, сәттілік пен өнерлеріне шабыт тілейді!!!

 

101 оқу тобының кураторы

ӘҚжӘҚ кафедрасының оқытушысы

полиция аға лейтенанты

А. Мұрат