Тәжірибелік қызметкермен кездесу

2017 жылдың 15 қарашада 2017-2018 оқу жылына тәжірибелік жұмыскерлерді сабаққа қатыстыру жоспарына сәйкес Қостанай облысы бойынша ҚАЖД УК-161/2 түзеу мекемесінің жасақ бастығы юстиция майоры Асылхан Бисембаевич Жунусов Қазақстан Республикасы Еңбек құқығы пәні бойынша «Жұмыскердлердің жекелеген санаттарының еңбегін реттеу ерекшеліктері» тақырыбындағы КОФ 2 курсының (208-209 топтар) дәріс сабағын өткізуге қатысты.

 

Жекелеген жұмыскер санаттарының қосымша ережелерінің нормалары жалпы жұмыскерлердің тобынан жұмыскерінің ерекшеліктеріне сәйкес еңбектерін реттеудің ерекше тәртібі қажет етіледі. Ондайларға жататындары, мысалы, вахталық әдіспен, маусымдық жұмыстарды, үй жұмыскерлері, үйде жұмыс істейтін жұмыскерлер, қашықтықтан жұмыс істеу, азаматтық қызмет және т.б. еңбектерін реттеу нормаларын қарастырдық.

ІІО қызметкерлерінің еңбегі бірнеше нормативтік-құқықтық актілермен реттеледі. Бұлар Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының құқық қорғау қызметі туралы және Ішкі істер органдары туралы Заңдары туралы айтып кетті.

Курсанттар сұрақтарды талқылауға белсенді қатысты, ерекше назар жасақ бастығының функционалдық міндеттеріне, қызметкердің жұмыс және тынығу уақытына, қылмыстық-атқару жүйесін реттейтін нормативтік-құқықтық актілері жайлы сұрақтар қойды.

МҚП кафедра оқытушысы

полиция капитаны Д.Т. Карымсакова