«Qostanai» телеарнасы жаңа маусымының тұсаукесері

«Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) – халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деп Алаш қайраткері, ақын А. Байтұрсынов айтып кеткендей халық үшін, қырағы көрермендер үшін аянбай жұмыс жасау ұстанымын басшылыққа алған БАҚ-ның негізгі және басты қызметі – заманауи дүние жасау болып табылады.Бұл заманауи дүниенің басты талабы – сауатты журналистер мен креативті іс-шаралар. Тәуекелге бел буып, алғашқы қадам жасау арқылы қол жеткізген толағай табыстары мен шеберліктерінің жемісін бүгінде «Qostanai» телеарнасы көруде. Қостанай облыстық филиалы телевизия хабарларын тұңғыш рет 1991 жылы 1 ақпанда Қостанай қаласында бастады. Ал бұрын 1989 жылы Қаз КСР телевизия және радиохабарын тарату жөніндегі мемлекеттік комитетінің Қостанай облыстық теледидарын ашу туралы арнайы шешімі қабылданған. Осыдан кейін қызу дайындық жүргізілді.Еліміз тәуілсіздік алғаннан кейін Қазақстан телеарнасындағы барлық хабарлар 100% қазақ тілінде таратыла бастады. Телеарна елмен бірге өзгеруде.Міне, бүгін телеарнаның атауы өзгеріп, Елбасымыздың 2017 жылғы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»атты мақаласы негізінде латынша таңбаланатын болады. Телеарнаның тек сырт келбеті ғана емес, сонымен қатар ішкі мәні мен мазмұны да заманға сай өзгереді. Телеарнаға айтарлық өзгерістер енгізу бұл әрине тәуекелді, қажетті шешім. Ұлттық арнада телехабарды жасап, эфирге шығаруға кәсіптік шеберлігі мен шығармашылық күш-қуатын жұмсайтын өз ісінің асқан шеберлері, жауапкершілігі мол, білікті, майталман мамандар жемісті еңбек етуде. Қазақстан-Қостанай телеарнасы – рухани азығы мол, сондай-ақ Қазақстанның ішінде отау болып отырған, көрермен сүйіп көретін арналардың бірі. Ұлттық арна өзінің шығармашылық жолында өнер мен мәдениетті сабақтастыра білді.

Жаңа маусымның тұсаукесер рәсімі Е. Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясында өткізілді. Айтулы іс-шара басталар алдында телеарнаның тарихы, оның мақсаттары мен міндеттері жайлы бейнеролик көрсетілді. Жалпы телеарнаның мақсатына келер болсақ, мемлекетіміздің идеологиялық саясатын, шоқтығы биік хабарларын халқымызға, телекөрермендерімізге байсалды түрде жеткізу, бағдарламаларды эфирден тарату, соның нәтижесінде көрермендердің көңілінен шығу, салмақты ой салу. Жаңа маусым тұсаукесерінде әріптестерін құттықтау үшін жергілікті БАҚ бас редакторлары, қалалық және облыстық әкімшілік өкілдері және қадірменді қонақтар келді.Халық ақыны Әсия Беркенова Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы негізінде кештің қадірменді қонақтарына өз қаламынан туған, жүрекжарды, толғандырарлық өлең шумақтарын сыйлады.

2017 жылдың 10 қарашасында Е. Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясында өткен телеарнаның жаңа маусымдық тұсаукесеріне Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы да белсене ат салысты. Академия бастығы, профессор, заң ғылымдарының кандидаты, полиция генерал-майоры М.А. Қызыловмерекелік іс-шараның сыйлы қонағы болды. М.А. Қызылов Ұлттық арнаны, осы ауқымды іс-шараға жиналған көрермен қауымды шын жүректен құттықтап, еңбек жолында, Ұлттық арнаныңжаңа маусымында жаңа табыстар мен шығармашылық өрлеу тілеп, «Qostanai» телеарнасы директорының орынбасары Күлтай Әбдірахманованы Ш. Қабылбаев атындағы төс белгімен марапаттады. Оқу орнымыздың курсанттарымерекелік концертте көрермен көңілінен шығарлықтай қатысты. Қостанай академиясы ұжымы атынан домбыра ансамблі күй атасы — Қазанғаптың «Құс қайтару» атты тамаша күйін орындап берді, сондай-ақ еліміздің мәдениет қайраткері Қ. Деріпсалдиннің орындауында  «Қостанай» атты ән жиналған көрермендерге тарту етілді. Қостанай Ұлттық арнасы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясына өздерінің алғыстарын білдірді.

Академияның баспасөз қызметі

Мейрам Оспанов,

Эльмира Канатчина