Кезекті ғылыми-зерттеу семинары

Үстіміздегі жылдың 11 қарашасында Академия бастығының орынбасары, заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, полиция полковнигі С.Н. Бачуриннің қатысуымен ғылыми және педагогикалық магистратураның 1 курс магистранттарына ғылыми-зерттеу семинары өткізілді.

Ғылыми-зерттеу семинарында 1 курс магистранттарының таңдаған магистрлік диссертация тақырыбының өзектілігін айқындау, әдебиеттерді саралау, оның ішінде, қазақстандық авторларды білу, ғылыми зерттеуі бойынша мәселе қоя білу, ғылыми мақалаларды қалай жазу, ғылыми негіздемелерді қалай дайындау жөнінде  бағыт-бағдар берілді.

Сонымен қоса, ғылымға енді қадам басқан 1 курс магистранттарына бірінші мақалаларын жазуға теориялық көмек көрсетілді. Өз кезегінде магистранттар толғандырған сұрақтарын ортаға салып, жауаптарын алды.

Берері мол, бұл семинар магистранттарды ғылымды ақиқатты білмек үшін үйрену, игеру жөнінде, әр білім саласының дара ұғымын, өлшемін білуге жетеледі.

Бастауын алған бұл ғылыми семинар жалғасын тауып, жемісін де береріне кәміл сенеміз.

Магистратура

аға оқытушы-әдіскері

полиция майоры

Г. Едресова