Кәсіби бағдар беру жұмысы

2017 жылғы қазан айының 26-29 аралығында Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы (бұдан әрі- Академия) магистратурасының аға оқытушы-әдіскері полиция майоры Г.Едресова және Академияның күндізгі оқыту факультетінің 3 курс курсанттары Троян Г., Мырзатаева К., Тулеуова Қ. кәсіби бағдар жұмысын жүргізу мақсатында Қостанай облысының Арқалық қаласына сапарға шықты.

Кәсіби бағдар жұмысы Арқалық қаласының білім беру ұйымдарының 10,11 сынып оқушыларына және  колледж студенттері арасында жүргізілді.

Насихат жұмысы барысында Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына кадрларды даярлайтын бірден бір таңдаулы оқу орны- Қазақстан Республикасының ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының тарихы, ғылым мен білім, спорт саласындағы жетістіктері жөнінде толық ақпарат беріліп, Академияда құқық қолдану практикасының барлық саласына, құқық қорғау жүйесінің білікті мамандарға сұранысына сәйкес мамандарды даярлайтыны жөнінде және оқуға түсу талаптары мен ІІО қызмет ету барысы туралы түсіндіріліп, кәсіби бағдар жұмысы жүргізілді.

Онда ІІМ арнайы әскери оқу орнында білім алу артықшылықтары мен жұмыспен қамтылуы, ІІО қызметкерлеріне берілетін жеңілдіктері жайлы айтылды. Сонымен қоса, Академия туралы түсірілген бейне фильм назарларына ұсынылды. Кәсіби бағдар беру жұмысы барысында оқушылардың біздің оқу орнымызға деген қызығушылығы оянып, құжаттарды рәсімдеу барысы, бейіндік пән таңдау, нормативтер турасында сұрақтар қойылды.

Оқушылар мен студенттер Академиямызда оқып жүрген курсанттарды, яғни жерлестерін көріп, ведостволық оқу орнымызға деген қызығушылықтары арта түсті және олар да өз кезегінде Қазақстан Республикасының ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясына оқуға түсуге бел байлап, дайындалатындары жөнінде айтты.

Кәсіби бағдар жұмысына 10,11 сынып оқушылары және колледж студенттерін қосқанда 400-ден астам жастар тартылды.

Магистратура аға оқытушы-әдіскері

полиция майоры Г. Едресова