Академияда ашық есік күні өтті

2017 жылғы 8 қараша күні Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында кәсіби бағдар беру жұмысы жоспарын іске асыру аясында еліміздегі мектеп бітіруші оқушыларына арналған ашық есік күні ұйымдастырылып өткізілді.

Жылда ұйымдастырылатын дәстүрлі шараға Қостанай  облысындағы 300-ден астам колледж студенттері және мектеп бітіруші түлектер  қатысты. Академия қабырғасына келген қонақтар біріншіден оқу орнымыздың атын иемденген Шырақбек Қабылбаев атамыздың өмірбаянымен таныстырылып, одан кейін Академия аумағында   орналасқан оқу ғимараттарын, курсанттар жататын жатақханаларды, атыс тирін, спорт кешенін тамашалады.

Алғаш рет Академия табалдырығын аттаған жастар Академия өмірінің бір күндік тыныс-тіршілігімен етене танысып, қызықтады. Жиналған жұрт әсіресе, Академияға тиісті оқу сабағына арналған қару-жарақтарды  тамашалап, қолдарына ұстап, әр қарудың шығу тарихымен таныстырылды.

Спорт кешеніндегі Академияның мақтанышына айналған республикалық және облыстық жарыстардың чемпиондары, белгілі спортшылардың көрнекі қойылымдарын қызықтады.

Ашық есік күні шеңберінде Шырақбек Қабылбаевтың ескерткіші мен мұражайы, Академия мұражайымен таныстыру жұмыстары іске асырылды.

ІІМ еңбек сіңірген қызметкері, ішкі қызмет генерал-лейтенанты Шырақбек Қабылбаев туралы фильмді тамашалады.

Ашық есік күні шарасына тіпті сонау шалғайда жатқан Орал қаласының тумасы Жаңабай Әлібай атты 11 сынып оқушысы арнайы келіп қатысты. Бұл Жаңабайдың ашық есік күні шарасына қатысу себебі, өзі арнайы келіп, басшылармен кездесіп, Академияға болашақта оқуға түсу екен. Жаңабай өзі батылдығымен алыстан ат шалдырып, Академия бастығы полиция генерал –майоры Мирлан Қызыловпен кездесіп, әңгімелесті. Әңгіме барысында Академия бастығы ұлттық бірыңғай тестілеуден тиісті жоғары баға алса, денсаулығы нормаға сәйкес келсе, Академияға оқуға түсіруге қарсы еместігін алға тартты. Жаңабайда алыс жолда келгенінде еңбегі зая кетпей, Академия бастығының ауызынан жылы сөз естігеніне қуанғанын жасырмады.

Академияға келген болашақ жас түлектер акт залда оқу орнымыздың  бастығы полиция генерал-майоры Мирлан Ахмедияұлы Қызыловпен кездесті. Кездесу барысында Мирлан Ахмедияұлы кездесуге келген болашақ түлектерге Академияның даму тарихынан сыр шертіп, жеткен жетістіктермен бөлісті. Академияға оқуға іріктеу және қабылдау ережесімен, медициналық куәландырудан өту ережесімен, дене дайындығы бойынша нормативтерді тапсыру ережелерін айтып өтті.

Кездесу соңы курсанттардың еңбегімен дайындалған шағын концерттік бағдарламаға ұласты.

Академияның баспасөз хатшысы М. Оспанов