Академияның Алматы қаласындағы кәсіби бағдарлық жұмысы өтті

 Мамандық жыл мезгілінде таңдайтын киім үлгісі емес. Жанына жақын мамандық иесі атану әр адамның мақсаты болар. Оқушыларға мамандық таңдаудан жаңылмай, өз өміріңізде үлкен қадам басуға сәттілік тілей отырып, ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясына оқуға түсу ережесі және тәртібімен таныстыру мақсатында 2017 жылдың 23-26 қазан күндері ІІД инспекторы полиция аға лейтенанты А. Зейнолдамен және ҚАЖД әділет лейтенанты К. Сопиевпен бірігіп төменде көрсетілген Алматы қаласының орта мектептерінде кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізілді:

Б. Атыханұлы  атындағы №36 гимназия КММ; «№8 мектеп-гимназиясы» КММ; Наурызбай ауданы «Рахым Сарсенбин атындағы №192 ЖББМ»КММ; «Жалпы білімберетін №136 мектеп»КММ; Еңбешиқазақ ауданы «Әл-Фараби атындағы орта мектеп» КММ; Талғар ауданы «Жалпы білім беретін №36 мектеп» КММ; Еңбешиқазақ ауданы «Бәйтерек» орта мектебі КММ; Талғар ауданы «№42 Жалпы білім беретін мектеп» КММ; Талғар ауданы Кеңдала «№38 Жалпы білім беретін орта мектебі» КММ; «Сұлтан-Ахмет Ходжиков атындағы №39 мамандырылған лицей» КММ; С. Көпбаев атындағы «№186 жалпы білім беретін мектеп» КММ; Наурызбай ауданы «№176 мектеп-гимназия»КММ; «№69 жалпы білім беретін мектеп» КММ; «№22 мектеп-гимназия» КММ; «№73 мектеп-гимназия «КММ; «№95 жалпы білім беретін мектеп» КММ.

Кәсіби бағдар жұмысына қатысқан жалпы оқушылар саны — 1299 адам.

Оқушыларға кәcіби бaғдaр беру жұмыcын өткізу бaрыcындa академияның тарихы, дайындалатын мамандықтар, Академия жетістіктері жайлы мәліметтер берілді.

Психологиялық жұмыс орталығының

аға оқытушы-әдіскері

полиция майоры А.Досмаилова