Академия ардагерлерімен кездесу

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында 1 қараша күні Академияның ардагерлер күні өткізілді.

Күндізгі оқыту факультетінің 3 курстың аға оқытушы-әдіскері полиция майоры Е. Акимжанов, 3 курс бастығы полиция майоры А. Кусеубаев, 4 курс бастығы полиция майоры М. Мурзагалеев  3 курстың жеке құрамы академия ардагерлері бұрыңғы Академия бастығының саптық дайындық бойынша көмекшісі болып қызмет атқарған әділет полковнигі М.Н. Бонк, тәрбие жұмыс бөлімінің бастығы әділет полковнигі М.К. Косанов және кезекші бөлімде аға инспекторы болған әділет майоры М. Баймухамбетовпен кездесу өткізді.

Кездесуге келген академия ардагерлеріне 3 курс курсанттары сұрақтарын қойып, сол сұрақтарына жауаптарын алды.

М.Н. Бонк өзінің солдат кездерінен бастап қалай оқығанын, қалай жұмыс атқарғаны туралы курсанттарға өз тәжибелерімен бөлісіп, болашақта беделді офицер болуға курсанттарға шабыт берерліктей сөз сөйледі.

Кездесу жалпы өте керемет өтті, 3 курс курсанттары білмеген сұрақтарына жауаптарын алып ардагерлеріміздің  қысқаша өмірлік сабақтарын алып  Академия ардагерлеріне өз ризашылдықтарын білдірді.

                                                                                 Қүндізгі оқыту факультеті

                                                                                3 курс басшылығы