2017 жылғы 1 қараша күні Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында «Академияның ардагерлер күні» ұйымдастырылды.

2017 жылғы 1 қараша күні Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында  «Академияның  ардагерлер күні»   ұйымдастырылды.

Аталмыш  іс-шараға  Академия  қабырғасында ұзақ жылдар қызмет атқарып, кейін құрметті демалыс зейнеткерлікке шыққан 50-ден астам ардагерлер шақырылды.

Жылдағы дәстүрге айналған кездесудің басы кеше ғана өмірден өткен, бүгін ғана денесін жер қойнауына тапсырған марқұм, Академия ардагері, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, Кеңес Одағының 5 дүркін чемпионы Виктор Васильевич Антимоновты бір минуттық үнсіздікпен еске алудан бастады.

Бір минуттық үнсіздіктен кейін Академия ардагерлер кеңесінің төрайымы отставкадағы полковник Бисұлу Биғазқызы әріптесіміз Виктор Васильевичтің өмірбаянына тоқталып, ол кісі туралы тарихтан сыр шертті.

Бисұлу Биғазықызы өз сөзінен кейін, құттықтау сөзді Академия бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі Сергей Николаевич Бачуринге берді.

Сергей Николаевич келген қонақтарға қазіргі таңдағы Академия өмірінің тыныс-тіршілігімен және алдағы даму жетістіктерімен таныстырды.

— Құрметті ардагерлер сіздерді бүгінгі академия қабырғасында дәстүрге айналған ардагерлер күнімен шын жүректен құттықтаймын. Сіздер салиқалы қария қатарына жатпасаңыздарда, ақылы толықсыған ғалым әрі жас дарагерлер қатарынансыздар. Сондықтан бүгінгі басқосуға келгендеріңіз үшін шексіз алғысымды айтамын,- деді Академия бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі Сергей Бачурин.

Келелі жиынға жиналған ардагерлер көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, Академия басшылығы тарапынан тұщымды жауаптар алды.

Кездесуден кейін ардагерлер жеке – жеке өздері сабақ берген кафедра, бөлім, қызмет, факультет қызметкерлерімен және курсанттармен кездесіп, өздерінің өмірде жинаған мол тәжірибелерімен бөлісті.

Барлық іс шаралар соңында әрбір бөлініс өздерінің ардагерлерін құрметтеп, сый – сияпат беріп, мерекелік дастархан жайды.

Барлығына риза болған ардагерлер академия ұжымына алғасытарын білдіріп, ризашылықпен үйлеріне қайтты.

 

 

Академияның баспасөз хатшысы М. Оспанов

практикант Айсұлу Зимина