№ 2 мектеп – интернатында сыйлы қонақ болдық

2017 жылдың 26 қазанында  Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ерекше білім беруіне қажеттілігі бар балалар мен ата – анасының қамқорынсыз қалған балаларға арналған  №2 мектеп – интернатының» шақыруы бойынша Қостанай академиясының  3 курс  курсант  қыздарымен  бірге  «Асырап алушылар мен қамқоршылардың» айтулы мерекесіне орай бүлдіршіндермен  балалардың қатысуымен өткен мерекелік концертке бардық.

Айтулы іс –шараның тұрақты көрермендері мен  қонақтары болған Академия оқытушыларымен курсанттары үшінде бұл  шара  осы жолыда ұмыт қалған жоқ. Бұл жолыда жүрек жылулықтарымен, мейрімімен, тәтті  сыйлықтарымен курсанттар құттықтап келген болатын. Мерекелік іс –шараның көркі болған бүлдіршіндермен балалар ән айтып, би-билеп көрермендермен қонақтарды қуанышқа бөлеген болатын.

Бұл атаулы іс-шара  елімізде 2010 жылдан бастап атап  өтіледі. Шараның басты  мәні әрбір сәби, әрбір бала қоғамның тұтас бір мүшесі болуына құқылы және де әрбір сәби әр бала  ата-анасының жылуын  махаббатын сезінуге лайық. Еліміздегі соңғы жылдары жетім балалар мен ата-анасынан ажыратылған, яғни олардың қамқорлығынсыз қалған балалардың жағдайы көпшілікті толғандыруда. Бұл мәселе Қазақстан Республикасының «Қазақстан-2030» даму стартегиясына сай жетім балалар үйіндегі тәрбиелініп жатқан әрбір ұрпақтың жеке адам ретінде қалыптасуының шешуші факторы ұлттық тәрбие деп көрсеткен. Жетім балалар тәрбиесіне қазіргі кезде ұлттық тәрбие тұрғысынан да көңіл бөліп, оларды тұлғалық қалыптастыру мәселесі бүгінгі күн талабы.

Мекеме ұжымының басшысыда қонақтарды, қамқоршыларды, асырап алушыларды алғыс хатпен марапаттаған болатын.  Біз де ол марапаттан құр қалмадық. Осы күнге дейінгі көрсеткен қолдауымыз бен көмемегіміз үшін және бүлдіршіндер мен жас жеткіншектердің бала көңілдеріне титтей де болса үміт пен қуаныш ұялатқанымыз үшін директор Алтынбаевтың қолынан  алғыс хат алдым.

Қорыта айтқанда дана халқымыыз «Ел боламын десең, бесігіңді түзе», – демекші әлемнің бәсекеге қабілетті ең дамыған мемлекеттердің отыздығына кіруді ойласақ, алдымен бала тәрбиесіне, отбасылық құндылықтарға көңіл бөлуіміз керек. Мемлекеттің ең басты байлығы да адам екендігін бір уақытқа да естен шығармағанымыз абзал.

 

  

КОФ аға оқытушы – әдіскері

полиция майоры

Ерик Акимжанов