Қызықты да көңілді демалыс

Еліміздің  әр түпкірінен болашаққа жол іздеп, білім алуға келген ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 102 взводының курсанттары демалыс күнді алғашқы рет  академиядан тыс өткізді. Бұл іс шараның  ең басты мақсаты курсанттарды әсем де, көрікті, еліміздің ең таза қаласы ретінде танылған сүйікті Қостанай қаласымен таныстыру  болатын. Танысу ұлағатты ақын  Абай атамыздың атымен аталған даңғылдан басталып, қала орталығында жалғасын тапты, олардың ішінде Ахмет Байтұрсыновтың ескеркіші және  ағартушы атамыздың  атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің, облыс  әкімдігінің,  Л.Толстой атындағы облыстық кітапхана, Қазақ-Француз  орталығы және басқа да  ғимараттар  және ескерткіштермен таныс болды. Жас түлектер қаланың  әдемілігіне, тазалығына, жайлылығына аса көңіл аударды. Серуендеу барысында басым бөлігі оңтүстік өңірлерінен келген курсанттар Қостанайдың табиғатын айтып, өздерінің  ауарайына бейімделу сәттерін де әңгіме етті.

Орталық саябақта серуендеп, әнгімелесу, бір-бірімізбен танысу оқу аудиториясынын тыс жерде  өткізілуден көп қызығырақ болды.

Күннің суығына  тоңған біздер жылынып шай ішуге де уақыт таптық.

Серуендеуіміздің арасында курсанттар  өздерінің көңілдерін көтеріп, көшеде орналасқан ойындарда бақтарын сынап, мүмкіндіктерін бағалады.

Кездесу-танысу кешіміз Қазақстан кинотеатрында өтіп жатқан танымал әнші Қайрат Нұрстас пен жары Жұлдыз Әбдукәрімова басты рөлді сомдаған  «Арман/Когда ангелы спят»   фильмін тамашалаумен аяқталды. Отандық режиссер Рашид Сүлейменов  бүгінгі қоғамның ащы келбетін ашық көрсеткен фильм курсанттарды толғантпай қоймады. Фильмнен алған әсерлерімен  өзара бөлісіп, толғаныстарын жасырмады.

Осылайша өткен алғашқы демалысымыз жас курсаттардың да, менің де жадымда ұзақ уақытқа сақталады  деген ойдамын.

102 взвод кураторы

полиция майоры

Нұрмағанбетова Ж.К.