Таланты биік жастардың өнерін тамашалады

Қазақ халқы өнерді қашанда биік бағалаған халық. Ата-бабамыздан қанымызға сіңген мәдени мұрамыз ұрпақтан ұрпаққа жалғасын табуда.

Жас ұрпақтың бойында мәдениетке қызығушылығын дамыту мақсатында, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының ішінен құрылған Мәдениет Университетінің оқу кестесіне сәйкес, 2017 жылғы 17 қазан күні күндізгі оқыту факультетінің 101 оқу тобының курсанттары топ жетекшісі полиция аға лейтенанты Аманат Мұраттың жетекшілігімен облысымыздағы өнер шаңырағының бірі Е. Өмірзақов атындағы облыстық филармонияға «Молодежный МИКС» атты жастар концертін тамашалады.

Облысымыздың әрбір жоғары оқу орынының, колледжінің студенттері, мектеп оқушылары мен тіпті мектеп жасына жетпеген  бүлдіршіндері өз өнерлерін сахнада көрсетті.

Өнер жолын қуған жасөспірімдер әнімен де, биімен де көрермендерді баурап алды.

Көрермендердің ыстық ықыласына бөленген кішкентай талант иелері  сахнада өздерін еркін ұстап, сенімдерін нығыздай түсті.

Ал біздің көрермен курсанттар жасөспірімдердің өнерін бағалап, шапалақ ұрып, жас таланттарға қолдау білдіріп отырды. Сонымен қатар осындай іс-шараларға жиі қатысқылары келетіндіктерін айтты.

101 топ жетекшісі

полиция аға лейтенанты

А. Мұрат