Мектеп оқушыларымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында өткен дәріс

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы мемлекетіміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын жүзеге асыратын субъектілері болып табылады және заңнамада көзделген бағдарламалардың негізінде ғана емес, сонымен қатар өзінің бастамаларымен де сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша бірқатар шараларды жүзеге асыруда.

Осының негізінде 2017 жылғы 12 қазанда Қостанай қалалық әкімдігінің М. Хәкімжанова атындағы №20 орта мектебінің 9 «ә, б» сыныптарының оқушыларымен тәрбие сағатының шеңберінде ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының қылмыстық, қылмыстық-атқару құқығы және криминология кафедрасының оқытушысы полиция майоры
З.М. Суйеубаева «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында дәріс өткізді.

Тәрбие сағатының мақсаты:

  • оқушылардың құқықтық білімдерін тереңдету, заң алдындағы жауапкершілігін арттыру, саяси сауаттылыққа баулу;
  • оқушыларды өз құқықтарын қорғай білуге үйрету;
  • оқушылар бойында демократиялық көзқарас қалыптастыру;
  • нормативтік-құқықтық актілерді орындай, құрметтей білуге үйрету, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.

З.М. Суйеубаева дәріс оқу барысында жемқорлықтың туындау себептері, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасы, нормативтік-құқықтық актілері, қылмыстық жауаптылық жайында айтып кетті. Сыбайлас жемқорлықтың мемлекетке, қоғамға тигізетін әсері туралы бейнематериалдарды берді. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізудегі  басқа елдердің тәжірибесі жайында және Қазақстанның қандай елдерден үлгі алуы керек екені жайында айтып кетті. Оқушылар, өз кезегінде, өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, мәлімет алуға тырысты.

 Қылмыстық, қылмыстық-атқару құқығы

және криминология кафедрасының оқытушысы

полиция майоры З.М. Суйеубаева