Келелі бас қосу

2017 жылғы 17 қазан күні Қазақстан Республикасы Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясына Солтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің бір топ қызметкерлері іс сапармен келіп, Академия басшылығы және 4 курс курсанттарының қатысуымен кездесу өткізді.
Жиын барысында Солтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің Штаб бастығы полиция полковнигі Сәуле Тыныштыққызы Андағұлова қазіргі таңда Солтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаментінде жоғары білімдері бар мамандар ауадай қажет екенін және де тергеу, анықтау саласындағы лауазымдарға қызметкерлер жетіспейтінідігін тілге тиек етті.
Одан кейін сөз алған Академия бастығының орынбасары полиция полковнигі Ербол Төлегенұлы Қаппасов жиынға қатысып отырған 4 курс курсанттарын егер қалаулары болса, Солтүстік Қазақстан облысына барып қызмет атқаруға шақырды.
Академия қабырғасына келген қонақтар курсанттарға өздерінің Ішкі істер департаментінің жетістіктерін және жас қызметкерлерге жатақханамен қамтамасыз ететіндерде сөз арасында айтып өтті. Тіпті кездесуде ішкі істер департаменті туралы жасап әкелген қызықты бейнефильмдерін көрсетті.
Келелі бас қосу соңында Академия курсанттары Солтүстік қонақтардың ұсынысын қолдайтындықтарын және сәті келсе ел үшін қызмет етуге дайын екендіктерін жеткізді.
Солтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаментінің Штаб бастығы полиция полковнигі Сәуле Андағұлова Академия бастығы полиция генерал — майоры М. Қызыловқа Солтүстік Қазақстан облысы ІІД полиция генерал – майоры Б. Біләловтың атынан алғыс хат табыстады.

  

Академия баспасөз қызметі