Магистранттар Снегирь Кириллға өмір сыйлады

Үстіміздегі жылдың 11 қазанында Академиямыздың ғылыми және педагогикалық магистратурасының 1 курс магистранттары 2 айлық сәби Снегирь Кириллға қайырымдылық қол ұшын созды. Яғни, облыстық қан орталығына барып қан тапсырып, донор болды. «Донор» сөзі латын тілінен аударғанда «тарту, сыйлау» деген мағынаны білдіреді екен. Донорлық — әрбір азамат үшін салауатты өмір сүру салтының, мейірімділік, қайырымдылық танытудың белгісі. Ал қан тапсыру — бұл донорлық рәсім, яғни 450,0 мл көлемінде қан беру. Дені сау адам үшін мұндай көлемде қан тапсыру физиологиялық жағынан еш қауіпсіз, қалыпты жағдай. Зерттеу нәтижелері мен мамандардың тәжірибесі қан тапсыру адамның денсаулығына өте пайдалы екендігін көрсетеді. Қан тапсырған адамның қан айналу және иммундық жүйесі жақсарып, ол қатерлі ісік аурулары мен тыныс жолы жұқпалы ауруларына сирек шалдығады екен. Ең бастысы, донор өмір мен өлім арасында жатқан науқасқа екінші өмір сыйлайды, рухани өз — өзіне риза болады. Яғни, психологиялық жағынан да пайдасы зор.

Деректерге сүйенсек, жасы 18-ден асқан, донор болуға қарсы медициналық көрсеткіші жоқ, дені сау, төлқұжаты бар Қазақстан азаматы донор бола алады екен. Ерлер жылына 5 рет, әйелдер 4 рет қан тапсыра алады.

Міне осындай қайырымы мол іс-шараға магистранттар атсалысып, дертке шалдыққан жандарға үміт сыйлады. Ең бастысы, қан тапсыру арқылы өз өмірлерін сақтандырып, өзгенің өміріне араша болып, азаматтық парыздарын өтеді.

Магистратура аға оқытушы-әдіскері

полиция майоры

Г. Едресова