Ғылымға бір қадам жақындай түсті

Үстіміздегі жылдың 5 қазанында ғылыми және педагогикалық магистратураның 1 курс магистранттарына әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы полиция капитаны, педагогика және психология магистрі Туйганов Мырзабек Сардарбекұлы, аға оқытушы, тарих магистрі полиция капитаны Әлпейісов Болат Бахытбекұлы,  оқытушы, тарих магистрі Какимбеков Рамазан Бейсенұлы шеберлік сабағын өткізді.

Аталған шеберлік сабағында білікті маман, өз ісінің шеберлері жас буын магистранттарды ғылым толқындарына жетеледі, яғни, магистрлік диссертация тақырыбын таңдау, оның өзектілігін айқындау, әдебиеттерді саралау, ғылыми мақалаларды қалай жазу, ғылыми негіздемелерді қалай дайындау жөнінде бағыт-бағдар берді. Сонымен қатар, ғылымды ақиқатты білмек үшін үйрену, игеру қажеттілігін, әр білім саласының дара ұғымын, өлшемін білуді  баса айтты.

Сабақ өте қызу талқыда, белсенді өтті. 1 курс магистранттары өз кезегінде толғандырған сұрақтарын ортаға салып, жауаптарын алып жатты. Бұл біздің бірінші ғана кездесуіміз әлі де мұндай кездесулер, шеберлік сабақтары жалғасын таба бермек. Бүгінгі өткен шеберлік сабағы магистранттарымызды ғылымға бір қадам жақындата түсті десек артық айтпаған болар едім. Осы кездесуден алған әсерлерін магистранттарымыз: таңдайымызда дәмі қалып қойғандай болды, деп бағалады.

Магистратура

аға оқытушы-әдіскері

полиция майоры Г. Едресова