Бос уақытта жоғалтпай – пайдалы іспен айналысайық

Академияда демалыс күндері курсанттарымыз немен айналысады ? деген сұраққа көпшілігі жауап іздейтін шығар. Барлығы курсанттар сейілдемеге шығып, болмаса казармада тынығып жатады деген ойда. Сейілдемеге келсек сейілдеме бірден барлық курсанттарға берілуі мүмкін емес. Әдетте курстың отыз пайызы ғана сейілдемеде болады.

Демалыс күндері негізі тәрбие бөлімімен бекітілген жоспар бойынша өтеді. Бірақ сол жоспарға курсанттардың өздері қалаған, өздері демалыс күндерін қандай іс-шарамен өткізгісі келеді, соған қарай ұйымдастырса курсанттар үшін қызықты болмақ.

2 курс курсанттары демалыс күнгі жоспарларына спорттық сайыстарды қосуларын жиі сұрайды. Футбол, волейбол, баскетбол, турниктен тартылу, шахмат, тоғыз құмалақ сияқты спорт түрлерінен топтар арасында жарыстар ұйымдастырылады. Осы жарыстардың арқасында 2-ші курс курсанттары бос уақыттарын казармада жатумен емес, спорттқа деген қызушылықтарын арттырумен өткізеді.

Жақында 2 курс курсанттары өздерінің арасында турниктен тардылуда кім мықтыны анықтады. 2 курс бастығының орынбасары полиция аға лейтенанты Қ. Ақылбеков курсанттарды бастап академия спорт кешенінде топтар арасында жарыс өткізді. Турникте тартылуда 209 топқа қарсы келетін топ табылмай, олар 1-ші орынды йеленді. Оларға арнайы сыйлықтар сыйланып, таңнан кешке дейін сейілдеме берілді.

Баспасөз қызметінің мүшесі
2 курс курсанты Д. Әділдәбеков