Қарттарым — асыл қазынам

Біздің халқымыз ежелден адамгершілікті, инабаттылықты сыйластық пен сыпайылық қасиеттерді өз бойына сіңіре білген, дуалы, салиқалы от ауызды, орақ тілді дана қарттарымызды әрқашан құрметтей білетін дана халық!

Қарттар халықтың қазынасы деп, бекерден бекер айтпаймыз. Осы ақылды қарияларымыздың арқасында елдің түтіні түзу ұшатыны баршамызға аян. Соғыс кезінде олардың көбі елімізге еңбегін сіңіріп, Отанымызды аман сақтаған. Қазақ халқы ертеден-ақ жасы үлкен қарияларды сыйлап, ақыл-кеңес сұрайды. Қазірде қарияларға арнап, мемлекетіміз көптеген жеңілдіктер қарастырған. Бұл әрине, үлкен мақтаныш. Бүгінгі таңда еліміздегі барлық қарияларымызды, зейнеткерлеріміз бен ардагерлеріміз үшін 1 қазан «қарттар күні» болып, ресми түрде жарияланды. Осы күні барша қарттар қоғамдық көліктерде тегін жүруге, әлеуметтік тұрғыда тегін тамақтануға мүмкіндік берілді.

Мұндай маңызы зор іс шара Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында да жылдағы дәстүр бойынша жалғасын табуда. Әр жылы осы мереке қарсаңында Академия қызметкерлері және курсанттар өздеріне бекітілген радагерлердің үйлеріне барып, сый-сияпат жасап, қал-қадірлерінше құрметтеп қайтады.

Ал Академия бастығы полиция генерал-майоры Мирлан Ахмедияұлы Қызылов бастаған басшы құрам, Академияның ардагерлерін жинап, мерекелік дастархан жайып, барлығына бірдей үлкен ілтипатпен қошемет көрсетуді дәстүрге айналдырған. Міне, осындай әдемі мерекелік дастархан жақында Академияның эстетикалық залында жайылды.

Мерекелік бас қосуды әдеттегідей Академия бастығы Мирлан Ахмедияұлы өз құттықтау сөзімен ашып, барлық дастархан басына жиналған ардагерлерді «ұстаздар» және «ардагерлер» күнімен құттықтады.
— Құрметті қонақтар, бүгін біз Академияның қабырғасында Елбасымыз: «Қарттарын ардақтай білген елдің қашанда рухы үстем, шаңырағы биік», — деп айтқандай, біздің бүгінгі нұрлы, алаңсыз өміріміздің сақшысы бола білген, самайларын қырау, жүздерін уақыт әжімі торлаған ардақты ардагерлерімізді жыл сайын атап өтетін дәстүрлі мерекеде ішкі істер органдарының болашақ жас ұрпақтарын оқытуда, жылдар бойы халыққа адал қызмет етіп, бар күш жігерлеріңізді жұмсағандарыңыз үшін құрметтеп, атап өтуге жиналып отырмыз.

Сіздерге зор денсаулық, көтеріңкі көңіл-күй, өмірлік күш – қуаттарыңыз ұзағынан болғай. Сіздердің ел келешегі – ұрпақ еткен еңбектеріңізге мәңгі бас иеміз – деді, өз құттықтауында Академия бастығы полиция генерал-майоры Мирлан Қызылов.

Бүгінгі таңда ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында жоғары ведомстволық оқу орнының ардагерлер ұйымында 130 – дан астам ардагерлер бар екен. Академия қабырғасында құрылған Ардагерлер ұйымы — Академия үшін бірлік пен ұрпақтар жалғасы, ішкі істер органдарына білікті мамандарды дайындау үрдісін жетілдіру болып табылады.

Ардақты ардагерлеріміздің белсенді өмір ұстанымдылығы, сарқылмайтын күш — қуаты, алға қойған мақсатқа жету ұстанымдары жастарға үлгі болып табылады.

Академия бастығының құттықтау сөзінен кейін полиция полковнигі Ербол Төлегенұлы Қаппасовта келген қонқтарға өзінің жүрек жарды лебізін төмендегідей жеткізді;
— Сіздер өз істеріңізбен барлық салтанатты іс-шараларға қатысып, жеке құраммен кездесіп жүргендеріңіз біздің курсанттарға, болашақ ішкі істер органдарының қызметкерлеріне патриоттық сезімді қалыптастыруға, рухани және адамгершілік қасиеттерін бағалап сезінуге елеулі үлестеріңізді қосып отырсыздар. Қадірлі ардагерлер, сіздермен жүздесуді біз асыға күтеміз, себебі сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз – біз үшін асыл қазына. Егде тартқан жаста еңселеріңізді түсірмей, өмір майданына әлі де белсенді араласып жүргендеріңізге шексіз алғысымызды білдіреміз.
Келелі бас қосуда ардагерлеріміздің көңілі бір жадырап қалды. Олар ақ дастархан басында барлығы қосылып ән шырқап, денсаулығы келіскендер академия қызметкерлерімен бірігіп би – биледі.
Бас қосу соңы курсанттардың ұйымдастырған шағын концерттік бағдарламаға ұласты.

Міне осылай күнделікті күйбең тіршілікте тіршілік жасап жатқан ардагерлеріміз өздерінің істеген қызмет орнына келіп, келелі бас қосып мәз-майрам болып, үйлеріне қайтты. Академия берген сый – сияпат, бөлінген көңіл – күйдің барлығы ардагерлер үшін үйлесімін тапты.

Академияның баспасөз қызметі