ЛАТЫН ӘЛІПБИІ ТӨРІНДЕГІ СҰХБАТТАР

Латын әліпбиіне көшу талқыланып, көп адамды ойландырып жүр. Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы мен күндізгі оқыту факультетінің қызметкерлері мемлекетттік тіл апталығы аясында 2 курс курсанттары арасында осы төңіректегі ойларын ортаға салып, дөңгелек үстел форматында талқылау өткізді.

Негізгі әліпби ретінде Ахмет Байтұрсынұлы әліпбиін алсақ, шынайы қазақ дыбыстары мен әріптері сонда сақталған. Оқуымыз бойынша, көне түркі тілі ХХ-ғасырға дейін қазақтарда сақталып келген. Сондықтан да қазақ тілін қайта қалпына келтіру үшін осы әліпбиден бастау керек сияқты, деген ойларын ортаға салды.

Латын әліпбиіне 1930-жылдары қазақтар және көп түркі елдері көшкен. Соның ішінде латын әліпбиін нық ұстап қалған Түрік елі. Қалған түркі елдерін саяси түрде кирил әліпбиіне ауыстырған. Тек ауыстырып қоймай, әр елге кейбір бірдей дыбыстар үшін әртүрлі әріптер белгілеген. Бұлай шатыстыру, бауырлас түркі елдерін алшақтата түсірген. Болашақта мұндай шатыс болмас үшін, барлық бауырлас түркі елдеріне бірдей дыбысты әріптер қолданған дұрыс, деген пікірлер де болды.

Латын әліпбиін 90 жыл бойы қолданып келе жатырған, замануи тексеруден өткен Түрік әліпбиіне бейімдеген дұрыс болар. Әзірбайжан әліпбиі де осыған ұқсас, олар 15 жыл бұрын көшкен. Өзбек елі де жақында әліпбилерін өзгерткен, бірақ қос құрама әріптер көп, деген мысалдар да келтірілді.

Болашақта латын әліпбиін егеру, сырттағы елдерге танымал болу және өз дәстүрімізді байытуға үлкен үлес болатынына дөңгелек үстелге қатысушылардың барлығы сенімдерін білдірді.

Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы
Күндізгі оқыту факультеті