Кітапханамен танысу

Жыл сайын кітапхана қызметкерлері күндізгі оқыту факультетінің 1 курс курсанттарын кітапханамен таныстыру экскурсиясын ұйымдастырады. Биылғы жылы осы шараны өткізуге 1 курс бастығының орынбасары, полиция аға лейтенанты Қабылдин Марат Орманбекұлы өз көмегін тигізді.

2017 жылдың 29 қыркүйегінде кітапханашы Михайловская Галина Алексеевна 1 курс курсанттарына жалпы кітапхананың кітап қорымен, құрылымдық бөлімшелердің жұмысымен және библиографиялық каталогтық жүйесімен таныстырып, каталогты қалай пайдалану керектігі жөнінде айтып өтті.

Кітапханамыздың кітап қоры мерзімді басылымдармен, жаңа кітаптармен және қай сала бойынша толығатыны туралы курсанттар хабардар болу үшін арнайы жаңа кітаптардың ақпараттық тізімдері жасалып, назарларына ұсынылып отыратындығы туралы айтылды.

Мемлекеттік мерекелер мен елімізде аталып өтелетін басқа да мерекелер кітапхана жұмысының назарынан тыс қалмайтындығын, әрі дер кезінде ұйымдастырылған көрмелер және қойылған мағлұматтарды курсанттардың пайдалануы, қажетіне жаратуы – бұл кітапхана жұмысының оқырмандарға қосқан үлесі.

Кітапханка меңгерушісі С. Амирова