«Тіл» апталығы аясындағы іс шара

«Сертім менің! Бейбітшілік тынысы,
Зұлымдықтың сағы сынған қылышы.
Сертім менің! Мәңгілікке көш бастап,
Отанымның сән құраған тұрмысы.
Сертім менің! Сәбилердің күлкісі,
Әлди жырмен тербетілген ұйқысы.
Сертім менің! Ошақ отын түтеткен,
Әрбір үйдің өмір атты шырпысы.

-деп басталған «Полиция қызметінің 25-жылдығына арналған кездесу кеші» әртүрлі көкейтесті әлеуметтік жағдайлардан бастап полиция қызметкерлерінің бүгінгі таңдағы тәртіпті сақтау жолындағы қызметіне дейін өрбімелі түрде қызу талқыда әрі көңілді өтті.

Практикалық қызметкерлермен кездесу кешіне арнайы түрде 4 курс курсанттары шақыртылып, ертеңгі маман иесі ретінде қызмет жолында кездесуі мүмкін сан-қилы оқиғалар және БАҚ арқылы өзіміз куә болып отырған өмірлік айғақтар сараланды. Оларға жан-жақты көзқарасты пікірлер беріліп, кейбір сақшылардың қызметтегі жіберілген қателіктері мен көзсіз ерліктері қарастырылды. Кездесу соңында әрбір практика қызметкері курсанттарға ізгі тілектерін білдіріп, өз кезегінде курсанттар да аянбай Отанға қызмет ету жолына білікті маман иесі болып баратындықтарын сеніммен баян етті.

Кездесу кеші мақсатқа сәйкес өтіп қатысушылардың әрқайсысының көңілдерінен шықты. Соңғы түйіндемеде тағы да полиция қызметкерлерінің жұмысы мен өмірі берілген сертке сәйкес ауыр да болса ерге тән Отанға қызмет етуден тұратындығы айтылды.

Сертке берік полицейлер құрамы,
Олар да адам, бір-бір үйдің құрағы.
Тек олардың Отан үшін қызметке,
Сәби кезден аңсары ауып тұрады.

Сертке берік полицейлер құрамы,
Қырандайын күндіз, түні қырағы.
25 жыл Отан үшін қызметте,
Отқа түсті, суға батты, шыдады.

Сертке берік полицейлер құрамы,
Бүкіл қоғам тірлігінде сынады.
Жау оғына кеуде тосып, қасқайып,
Құлағанда бармақ шайнап жылады.

Сертке берік полицейлер құрамы,
Өмірі оның тек қызметтен тұрады.
25 жыл қызмет етіп зейнетке,
Шыққандар бар, болмаса да тұрағы.

Сертке берік полицейлер құрамы,
Серттен басқа жоқ олардың сұрағы.
Тек тілегім, полицейдің әрқашан,
Болса екен баспаналы тұрағы.
25 жылдық мерейтой құтты болсын!