«Тапқыр курсанттар» атты ойын-сайысы

2017 жылы 29 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 1 дәріс залында мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының оқытушылары мен білім сапасын мониторингілеу және бақылау мен бағалау бөлімшесінің ұмымымен бірігіп КОФ 2 курс пен 3 курс арасында Тілдер күніне арналған «Тапқыр курсанттар» атты ойын-сайысын өткіздік.
Мақсаты: Тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту барысында мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру.
Тіл, сөз дегеніміз – ата-бабамыздан келе жатқан ел дәстүрі. Бұл дипломатиялық құрал халықтың бүкіл сана-парасатын, биіктігі мен тереңдігін паш ететін үлкен өнері.Тіл – адамдар арасындағы қасиетті қатынас құралы. Тілсіз қоғам жоқ. Бұл екі нәрсе бір-бірінсіз өмір сүрмейді. Қай халықтың болса басынан өткендері, қилы кезеңдері, өз ана тілі арқылы бір-біріне жалғасқан.
Біздің елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады. Қазақстан экономикасы мықты, тәуелсіз егеменді ел. Қазақстан әр тілде сөйлейтін халықтардың басын біріктіріп отырған мемлекет. Қазақстан біздің достық үйіміз, ал ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы — біздің білім үйіміз.

Әділқазылар алқасы:
1. Білім сапасын мониторингілеу және бақылаумен бағалау бөлімшесінің бастығы, полиция майоры Карабеков Қ.Ө.
2. Ғылыми-зерттеу орталығының ғылыми аға қызметкері, полиция подполковнигі Мушанова Р.М.
3. Ғылыми-зерттеу орталығының ғылыми қызметкері, полиция подполковнигі Кожмухамедова Г.Б.
4. КОФ аға оқу-әдіскері, полиция майоры Дощанова А.Т.
5. КОФ аға оқу-әдіскері, полиция майоры Акимжанов Е.С.
Ойын-сайысымыз үш кезеңнен өтті:
1 кезең «Сөз тапқанға»
2 кезең «Сен білесің бе?»
3 кезең «Кім жылдам?»

Сайыс барысында курсанттар белсенді қатысып, өздерінің тіл аясында білімдерін жоғары дәрежеде көрсетті.


Әділқазы алқаларының қорытындысы бойынша 1 дәрежелі дипломымен 2 курс «Алаш» командасы, 3 курс «3:15» командасы «Ұйымшыл команда» номинациясына ие болды. «Тапқыр курсанттар» атты сайыс-ойынында 3 курс курсанты Певцов Максим «Үздік қатысушы» номинациясының грамотасымен марапатталды.





Мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының
аға оқытушысы, полиция майоры
Ақылбекова А.Б.