«Қан тапсырда – науқасқа өмір сыйла»

«Қан тапсырда – науқасқа өмір сыйла» — осындай ұранмен Академия курсанттары қан тапсырып, науқастарға үлкен жәрдем көрсетті.
Бүгін Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 1-3 курстың 150-ден астам курсанты Қостанай облыстық қан тапсыру орталығынан келген дәрігерлерге өз еріктерімен қан тапсырды.
Мұндай дәстүр Академия қабырғасында ертеден қалыптасқан қайырымдылық іс-шаралары десек артық айтқандық болмас.
Осы жүрегі жылу курсанттардың қайырымдылық шарасы көптеген науқастарға үміт сыйласа, көптеген сырқат балаларға өмір сыйлауда.
Жалпы донор — өз қанын, онымен бірге науқасқа – денсаулық, өлім аузындағы адамға — өмір сыйлайтын адам. Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің 165-бабына сәйкес, 18 жастан асқан дені сау, медициналық тексерістен өткен және қарама-қарсылықтар жоқ, медициналық мақсаттар үшін қан және оның құрылымдарын тапсыруға ерікті тілек білдірген кез келген адам донор бола алады.
Осы бір жерде интернеттегі жазылған мәліметтерге сүйене отырып, донор болатын адамға мыналарды мысалға келтіре кеткенді жөн көрдік;
• донор 50 кг-нан кем болмауы тиіс.
• қан берер алдында өлшенген дене температурасы 37°С жоғары
болмауы тиіс;
• рұқсат етілетін систоликалық қысым – 90 нан 160 сын.бағ. мм,
диастоликалық- 60 тан 100 дейінгі сын.бағ.;
• жүрек қағысының рұқсат етілетін жиілігі – тамыр соғысының жиілігі
минутына 50-100 соғыс.
Донор өзінде бұрыннан бар немесе ауырған аурулар туралы, сондай-ақ есірткі затттары, психотроптық заттар және прекурсорларды пайдалану туралы осы мәліметтердің барлығын хабарлауға міндетті.
Көпшілік болып қан тапсырып жатқан курсанттарға Академия бастығының орынбасары полиция полковнигі Ербол Қаппасов барып, хал-жағдайларын біліп, дәрігерлермен кездесті. Бізде жағымды жаңалықты естіп, курсанттарды фотосуреттерге түсіріп, сұхбаттасып қайттық.
Қан тапсыру орталығының дәрігері Светлана Король;
-Біз Академияның басшылығына және жеке құрам мен ауыспалы құрамға шексіз алғысымызды білдіреміз. Сіздердің арқаларыңызда көптеген науқасқа іздеген қан тобын тауып өмір сыйлаудамыз. Қан тапсыру ол шамалы адамның қолынан келе бермейді. Қазіргі таңда сау адам тауып қанын тексеру өте қиын. Сондықтан сіздердің курсанттарыңыздың жасап жатқан жақсылығы шаш етектен, -дейді өз сөзінде.
Светлана Васильевнаның сөзінен кейін қан тапсырып жатқан 4 курс курсанты Бағдаулет Көбелтайды сөзге тартқан едік:
-Мен биылғы жылы осымен 4 жыл қатарынан қап тапсырып жатырмын. Маған қан тапсырған өте қатты ұнайды. Біріншіден қан тапсыру өз денсаулығыма тигізер пайдасы мол, ал екіншіден менің қанымның біреуге пайдасы тиіп жатқаны мен үшін үлкен бақыт деп санаймын.
Қан тапсырушы көпшілік бүгінгі күні де өз еріктерімен келіп, қан тапсырып жатқандарын мақтанышпен сөз етті.
«Жақсылыққа жақсылық» демекші, жаста болса ауыз біріншілік

Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекске сәйкес, медициналық тексеріс және қан тапсыру күндері донор орташа еңбекақының сақталуымен жұмыстан босатылады. Егер донор жұмыс берушімен келіскеннен кейін қалауы бойынша жұмысқа кіріссе, басқа күн беріледі немесе бұл күн қалауы бойынша жыл сайынғы еңбек демалысына қосылуы мүмкін.
Егер донор әскери қызметкер болып табылса, қан тапсырған күндері жасақтардан, вахталардан және қызметтің басқа нысандарын атқарудан босатылады, ал студенттер, оқушылар оқудан босатылады.
Донорлық қызметті тегін жүзеге асыратын донор қан тапсырғаннан кейін ағзадағы энергия шығындары мен өз қанының көлемін толықтыру үшін таңдау бойынша тегін тамақ немесе оның ҚР Үкіметімен белгіленетін мөлшерде және тәртіпте төлем жүргізіледі.