Әріптесімізді кезекті шен алуымен құттықтаймыз

Бүгін Академиядағы әріптестерім және әріптесім Тимур Асылбекұлы  үшін үлкен жаңалық болды. Ол жаңалық өзіміздің сүйікті де сыйлы әріптесіміз, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының қызметкері полиция капитаны Тимур Келдібаев өзінің кезекті арнаулы атағы полиция майоры шенін алды.

Тимурдың майор шенін Академияның бастығы полиция генерал-майоры Мирлан Қызылов Академияның барлық жеке құрамы алдында таңғы саптық жиында салтанатты түрде табыс етті.

Жалпы Тимур Асылбекұлы Академия қабырғасында 9 жылдам астам абыроймен қызмет етіп келеді. Тимур туралы жылы лебіз жазуымыздың өз себебі бар. Өйткені ол басшылардың берген тапсырмасын уақытында орындауымен қатар, бірге қызмет жасайтын   әріптестерінің де көңілін еш уақытта қалдырып көрмеген кірпияз жан.

Тимур өмірде Абай атамыздың мына бір «ақырын жүріп анық бас, еңбегін кетпес далаға» деген қанатты сөзін қашанда өз өмір жолында басшылыққа алып жүреді.

Бізде оң қолынан өнер тамған Тимурға алдағы уақытта Шырақбек атасындай  «генерал» болуға тілектестік білдіреміз.

Құрметті Тимур Асылбекұлы денсаулығын мықты, еңбегіңіз жанып, арамызда сый құрметке бөленіп жүре беріңіз.