Академия басшылығымен кездесу

2017 жылдың 14 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының қабырғасында  Күндізгі оқыту факультеті 2 курс курсанттарының Академия басшылығымен кезекті кездесуі өтті. Кездесуге Академия бастығының орынбасары полиция полковнигі С.Н. Бачурин қатысты. Ол 2 курс курсанттарын жаңа оқу жылымен құттықтап, Академиямыздың негізгі мақсаты мен оқу процесін қамтамасыз ету туралы айтып өтті.  Негізгі мақсаты — жоғары білімі бар білікті мамандарды, салауатты офицерлерді даярлап шығару.

Сонымен қатар, кезекті кездесуде әскери-қызметтік тәртіп пен тәрбие жұмысы мәселесі қарастырылды. Ерекше көңіл бөлінген жағдай, әскери тәртіпті сақтау, киім-кию үлгісін бұзбау. Сондай-ақ жазғы сессия қорытындысы бойынша Күндізгі оқыту факультетінің аға әдіскері полиция подполковнигі С.Е. Макарова, курстың оқу-тәрбиелік процесі жайлы курс бастығы полиция подполковнигі А. Тажмұханов сөз сөйледі.  Курсанттардың бос уақытын ұйымдастыру бойынша, оқу орнымызда ұйымдастырылатын мәдени-көпшілік үйірмелер мен іс-шаралар жайлы мәселелер қарастырылды. Кездесу соңында С.Н. Бачурин корытынды сөз сөйлеп, курсанттардың түрлі сұрақтарына жауап берді.