Қостанай академиясының полицейі – Татар Президенті қолынан автокөлік кілтін алды

Жақында Қостанай қаласында татар ұлтының өкілдері «Сабантой» мейрамын атап өтті. Қазақстанда осымен 13-рет думандатылып отырған республикалық шараға Татарстан президенті Рустам  Минниханов бастаған   арнайы делегат келді.  Еліміздің түкпір-түкпірінен келіп қатысқан татарлар да орта толтырды. Аталмыш мейрам Тобыл өзені етегінде кеше ғана Ел Тәуелсіздігінің құрметіне ашылған «Тәуелсіздік»  жағалауында өтті.

Еңбектің берекесін, берекенің мерекесін кіргізген ұлан асыр думанды тойда қарапайым халық спорттың бірнеше түрінен өзара жарысқа түсті.

«Той десе қу бас домалайды» дегендей аталмыш тойға Қостанай халқының тай тұяғы қалмай үлкенді — кішілі барлығы бас көрсетті.

Сабантойда «бағанға өрмелеу», «бағанмен жерге құламай жүріп өту», «арқан тартыс», татардың ұлттық спорты «белбеу курашы» түрлерінен қызықты ойындар өтті. Әр ойын өз деңгейінде тойдың қызығын келтіре білді. Енді осы мерекелік мейрамда көпшіліктің қызығын тудырып, ұзақ мерзімде есте қалатын спорт түрі ол «белбеу курашы» еді.

Осы екі күнге созылған сабантойдағы татардың ұлттық спорты «белбеу курашына» біздің де оқу орнымыздың қызметкері  Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының оқытушысы, академиямыздың маңдай алды мақтанышына айналған жаста болса, кейінгі ұрпаққа үлгі бола білген, Қазақстан Республикасының самбо күресінен спорт шебері, бірнеше дүркін «Қазақ барысы» күресінің қатысушысы, полиция майоры Ержан Қабидуллинов қатысты. Ендігі сөзімізді осы «белбеу курашына» бұрғым келеді.

Осы екі күнге созылған сабантойдағы татардың ұлттық спорты «белбеу курашына» біздің де оқу орнымыздың қызметкері  Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының оқытушысы, академиямыздың маңдай алды мақтанышына айналған жаста болса, кейінгі ұрпаққа үлгі бола білген, Қазақстан Республикасының самбо күресінен спорт шебері, бірнеше дүркін «Қазақ барысы» күресінің қатысушысы, полиция майоры Ержан Қабидуллинов қатысты. Ендігі сөзімізді осы «белбеу курашына» бұрғым келеді.

«Белбеу курашы» басталады деп, жүргізуші хабарлаған сәтте, бозкілем қасына той қарап жүрген көрермен лезде жиналды. Халық саны көбейген сәтте, жүргізуші күрестің басталатынын оған қанша балуан қатысып отырғанын құлағдар етті. Бұл жолы «Белбеу курашына» Татар Президенті Рустам  Минниханов өз атынан бас жүлдеге Лада «гранта» автокөлігін тігіп, балуандар мен көрермендердің делебезін қоздырып, қызықтырып қойды.

Аталмыш спорт түріне Ресей, Татар, қазақ және басқа да ұлт өкілдерінің 23 балуандарыы қатысып, бақ сынасты.

2-3 сағатқа созылған жарыс соңында «мен-мен» деген мықты балуандар қалып, бас жүлдеге тігілген лада «гранта» автокөлігін сынға салды.

Ақтың сында бақ сынаған әріптесіміз Ержан Кабидуллинов РФ еңбек сіңірген спорт шебері, Татар халқының Ұлттық «Белбеу курашынан» 3 дүркін чемпионы Ильфир Анваров балуанмен белдесіп, 1 минутқа жетер жетпес уақытта, әдемі айла тәсіл жасап, ресей балуанның жауырынын жер қаптырды. Осы сәтті тағатсыздана күткен көрермендер, Ержанға ризашылықтарын білдіріп, ұзақ уақыт қол шапалақтауларымен білдірді. Міне осылай көптің арасынан бағы жаңған әріптесіміз Татар Президентінің атынан тігілген автокөлікті қанжығасына байлады. Бізде осы орайда Ержанды шын жүректен жеңісімен және бас жүлде автокөлігімен құттықтай отырып, сөзге тартқан едік.

  • Ержан бауырым бүгінгі жүлдең және жеңісін құтты болсын. Көңіл күйің және жарыс туралы не айтар едіңіз?

-Көңіл күй өте керемет. Жарысқа қатысу үшін көп дайындалдым. Өйткені өзгенің тойында жеңіліп қалсам ұят қой… Бұл сабантой туралы ертеден білемін. Сабантойдағы «белбеу курашына» бірнеше жылдан бері, қалмай қатысып келемін. Жасыратыны жоқ, 4 жыл қатарынан қатысып, жылда бас жүлде қой ұтып алатынмын. Бірақ ол жарыстар тек облыс деңгейінде ғана ұйымдастырылатын. Ал бүгінгі той республикалық деңгейде ұйымдастырылып отырған соң, облыс әкімі және Татар Президенті қатысып отыр. Және де Татар елінің басшысы Рустам Минниханов мәрттік танытып, өз атынан автокөлік қойды. Міне, сол жүлдені менің ұтып алғаным өзім үшінде, намысын қорғаған халқым үшін де сөз жоқ қуаныш деп санаймын.  Менің бүгінгі қарсыластарым осал емес, барлығы да өз атақ дәрежесіне сай балуандар. Соңғы шыққан Ильфир Анваров және қазақ күресінен әлем чемпионы Оңтүстік Қазақстан облысының өкілі, белгілі балуан Нұрзат Бекасыловпен кездесу, оларды жеңу мен үшін оңай болмады. Менің өнеріме жанкүйер болып келген барша көрермендерге айтар алғысым шексіз. Бүгінгі жеңісімді ең бірінші өзімнің қызмет ордам Академияға және жаттықтырушыларым Нұржан  Ермағамбетовке, Аркадий Ахметовке  және Руслан Таңқыбаев ағаларыма арнаймын. Өйткені сол кісілердің ерен еңбектерінің арқасында бүгінгі бағалы жеңіске жетіп отырмын, -дейді бізге берген сұхбатында ішіндегі сырын жасырмаған Ержан.

Ержанды дүйсенбі күні Академия бастығы, полиция генерал-майоры Мирлан Қызылов өз орынбасарларымен академия алаңында арнайы көпшілікпен күтіп алды. Генерал мырза Ержанды осынау жеңісімен құттықтап, шын жүректен басшылық және ағалық тілегін айтып, болашақта бұданда үлкен жетістіктерге жете беруіне тілектестік білдірді. Тіпті өзінің шеберліктерін курсанттарға үйретуден жалықпа деп, нық айтты.

Айтпақшы сөз соңында тағы бір қуанышты жағдай, осы сабантойда жеңіске жеткен Ержан Қазақстан Республикасы белбеу күресінен спорт шебері атағын алды.

Міне, «таудай талап бергенше бармақтай бақ бер» деген осы шығар. Бізде бозкілемнің үстінде бағы жанған Ержан бауырымызға бағың жана берсің демекпіз.

Академияның баспасөз хатшысы Мейрам Оспанов,

Қостанай қаласы

Фотоны түсірген: Р. Советқазин