2017 жылдың түлегі Қабай Манардың алғыс сөзі

Күні кеше, еркелікпен қош айтысып, үлкен өмір жолына аяқ басқалы жатқан, болашағына қобалжумен, бірақ зор сенімділікпен қараған бала едік. Ал бүгін Қазақстандық полицияның келбетін қалыптастырушы, құқық қорғау органының қызметкерлерінің қатарына қосылғалы отырған офицерлерміз.

Ұлы Абай көшесі мен генерал Арыстанбековтың қиылысында орналасқан, 45-жылдық тарихы бар Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Костанай академиясының курсанттары болғанымыз біз үшін үлкен мақтаныш! Өміріміздің ең тамаша сәттері дәл осы білім ордасымен тығыз байланысты. Бұл жерде біз білім алумен қатар, бойымызда қайсарлық, шыдамдылық, табандылық сынды қасиеттерді шыңдадық. Үлкен өмір мектебінен өттік.

Осы сәтте әрбір Академия бітіруші түлектердің жүректері біртүрлі қобалжуды, қимастықты кешуде. Осы күннен кейін курсанттық өмірмен, білім нәрімен сусындатқан оқытушыларымызбен, алтын-ұя оқу ордамызбен біржола қош айтысып, туған бауырларымыздай болып кеткен, қуанышта да, қиындықтарда да қасымыздан табыла білген, аяулы да, ардақты курстас-жолдастарымыздан алшақ болатындығымыз жүрегімізге мұң ұялатады.

2017 жылдың түлектерінің атынан бізге әрдайым аянбай білім беріп, оқу мен ғылымның, тәртіп пен ізгіліктің тура жолына бастаған, Академияның басшылығы мен профессорлық-оқытушы құрамына және үнемі жанымыздан табылып, демеу болған курс басшылығы мен оқу әдіскерімізге, біздер үшін отқа да күйіп, суға да бататын, үкілеген үміттерімен әрдайым демеу болған асқар таудай әкелерімізбен, алтын басты аналарымызға алғысымызды білдіреміз.

Коллектив Академии вложил много усилий в наше образование и воспитание. Трудно переоценить этот вклад. Мы же в свою очередь даем обещание честно служить Родине, быть верными данной нами Присяге, работать во благо граждан нашей страны.

Обещаем углублять свои знания, повышать свой профессиональный уровень, чтобы Академия могла гордиться своими выпускниками.