Ішкі істер министрі Қ.Қасымовтың бірінші офицерлік атақты табыс етуі

Астанада қызметтік міндеттерін атқаруда қаза болған ішкі істер органдары мен ішкі әскер қызметкерлерінің ескерткішіне гүл шоқтарын қою, сондай-ақ ҚР Ішкі істер  министрлігінің Жоғары оқу орындарының үздік түлектеріне лейтенант атағын беру рәсімі өтті.

 Ішкі істер органдарының бұйрығы бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 2017 жылғы үздік түлегі Лилия Аринова Михайловнаға ҚР-ның Ішкі істер министрі Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымовтан бірінші офицерлік “лейтенант” атағы берілді. Біздің Академиядан Лилия Аринова секілді курсанттардың түлеп ұшуы біз үшін үлкен мәртебе.

Биылғы түлектер үшін 2017 жыл өте маңызды. Ол өзекті тарихи  оқиғалар «Астана ЕХРО-2017» Халықаралық арнайы көрменің ашылуы,  Қазақстан полициясының 25 жылдығы меретойларымен ұштасып отыр. Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 2017 жылғы түлектеріне «лейтенант» шендері мен дипломдарын тапсыру салтанатты іс-шарасы болып өтті. Аталмыш іс-шарада құрметті де сыйлы қонақтар, түлектердің ата-аналары мен жақын туыстары қатысты. Жас офицерлердің қиын да қызықты болашақ қызметтері жайлы шын жүректен жылы лебіздер мен тілектер білдірілді.

Жыл сайын біздің Академиямыздан үздік және білікті жас офицерлер оқытылып шығады. Осының нәтижесінде жыл сайын ҚР Президентімен және ҚР Ішкі істер министрімен түлектерге алғашқы арнайы атақтары табыс етіледі.

                                                         Курсанттар Баспасөз қызметі