Полиция – ел қорғаны

Ішкі істер органдары — қоғамдық құқықтық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мемлекеттік биліктің ең маңызды құрылымдарының бірі.

1992 жылдың 23 маусымында «Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы» ҚР заңы қабылданып, 2007 жылы Мемлекет басшысының Жарлығымен ресми түрде 23 маусым — Қазақстан  полициясы күні болып белгіленді.

 Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы Ішкі істер органдары үшін қызметкерлерді кәсіби біліммен қамтамасыз ететін жетекші ведомстволық оқу орындарының бірі болып табылады.

Қазақстан  полициясының 25 жылдығы қарсаңында академияның оқу залында курсанттардың мәдени және патриоттық сезімін арттыру мақсатында «Полиция – ел қорғаны» атты тақырыптық көрме безендіріліп, онда «Айбынды елдің  асқақ ерлері «, «Халыққа полиция туралы», «Полиция – ел қорғаны», «Абырой. Ерлік. Намыс «, «Әділдіктін ақ туын желбіреткен тұңғыш қазақ генералы Шырақбек Қабылбаев» және «Олардың ерлігін ел ұмытпайды» атты материал кеңінен қамтылды.

Көрме материалдарымен курсанттар және академия қызметкерлері кеңінен таныстырылды.

 

                                                               Кітапхана библиографы

                                                               Р. Нұрханова