Қостанай облысындағы Қазақстан полициясының 25 жылдық тарихы.

2017 жылы Қазақстан полициясының 25 жылдығы еліміздің түкпір-түкпірінде кеңінен аталып өтуде. Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігінің құрамдық бөліністерінде түрлі іс-шаралар ұйымдастрылып атқарылып жатыр. Осындай іс-шаралар ұйыдастырып өткізуге Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының ұжымы да ат салысуда.

Әр елдің болашағы оның жоғарғы оқу орныдарының зиялы түлектеріне тәуелді. Елімізде білікті маман дайындау жалпы мемлекеттік іс болып табылады. Ішкі істер органдарының ведомстволық оқу орындарының курсанттарының бойында патриоттық, өнегелік, адалдылық қасиеттерін қалыптастыру жолға қойылған. Қазақстын полициясының тарихын білетін, ерлік жасап еңбек еткен қызметкерлерді үлгі тұтатын, міндеттерін абыроймен орындайтын болашақ полиция мамандарын дайындау мақсатында күндізгі оқыту факультетінің 2 курс 213, 214 және 205 оқу топтарының курсанттары Қостанай облыстық Ішкі істер департаментінің мұражайына экскурсияға шықты. Экскурсияны отставкадағы полковник П.Г. Щедрин жүргізді. Қостанай облысы ішкі істер органдарының құрылу кезеңдерімен, полицияның күнделікті кәсіби қызметіндегі ерекшеліктерімен, қызметкерлерінің алдына қойылған негізгі міндеттерін орындау нәтижелерімен таныстырды. Мұражайда көрген түрлі жәдігерлер мен мазмұнды әңгімелесу курсанттарға үлкен әсер қалдырды.

Тәрбие жұмысы бойынша 2 курс бастығының орынбасары

полиция капитаны Қадыров Қ.С.

Психологиялық жұмыс орталығының оқытушы әдіскері

полиция майоры Байгабулова С.О.

Психологиялық жұмыс орталығының аға оқытушы- әдіскері

полиция капитаны Досмаилова А.Б.