Курсанттардың оқу-дала лагерінен оралуы

2017 жылдың 5 маусым күні 3 курс бастығы М.Мурзагалеевке курс бастығының орынбасары Н.Бақытқалиұлы 2017 жылдың 29 мамырынан 5 маусым күні аралығында оқу дала лагерінде болған, 3 курстың курсанттарының толық құрамда, ескертусіз, ешқандай оқыс оқиғаның орын алмағандығы туралы баяндама жасады.

Оқу-дала лагеріне жіберудегі басты мақсат оқытылып жатқан пәндер бойынша курсанттардың алған теориялық білімдерін тәжірбие жүзінде бекіту, дене шынықтыру дайындығын жетілдіру, болашақ ішкі істер органдары қызметкерлерін дайындаудағы патриоттық сезімдерін ояту, психологиялық тұрақтылықты қалыптастыру, әскери қызметке дайындауды ұйымдастыру, денсаулығын нығайту, білімін кеңейту, тәрбиелеу болатын.

Осы мақсат, міндеттерді орындау үшін түрлі іс шаралар жоспарланды және оны ұйымдастырып жүзеге асырылуына 3 курс бастығының орынбасары Н.Бақытқалиұлы жауапты болды.

3 курс курсанты У.Маликова