Курсанттар бүлдіршіндерге қуаныш сыйлады

2017 жылдың 1 маусымында «Балалар күні» мейрамына орай, 3 курс  курсанттарының ұйымдастыруымен, осы курстың атынан «Дельфин»  балалар үйіне өз құттықтауларымызды арнадық. Яғни, Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының курсанттары атынан өзіміздің ізгі ниетімізбен және шын жүрегімізден балаларға арнайы сыйлықтар мен түрлі тәттілер апарып, қуаныш сыйладық. Балаларды мейрамымен құтықтаумен қатар олармен бірге ойын ойнап, сыйлықтар сыйлап, барынша мейірімділік көрсеттік. Осылайша, кішкентай бүлдіршіндердің сәби көңілдерін барынша көтеріп қайттық. Біз Қазақстан Республикасының бейбіт өскен саналы ұрпақтары ретінде, бір-бірімізге мейіріммен қарауға тиіспіз. Сонымен қатар ел қорғаушы азамат ретінде өз міндеттерімізді атқаруымыз қажет.

3курс курсанты

полиция сержанты     

Тельман Г.Т.