Мен жас тергеушімін

2017 жылдың 1 маусымында Қазазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясыныңқылмыстық процесс және криминалистика кафедрасынның ұйымдастыруымен Күндізгі оқыту факультетінің 2 курс курсанттары  арасында “Мен жас тергеушімін” атты білім викторинасы болып өтті.

Теориялық білімнің дәрежесін анықтау, курсанттардың ҚР Қылмыстық-процесс құқығы пәні бойынша білім деңгейін шыңдау,дағды мен икемдерін дамыту,болашақ мамандықтарының кәсіби тұлғасын қалыптастыру үшін, сондай-ақ тәжірибе жинақтаумақсатында ұйымдастырлған бұл іс-шараға 207, 208, 209 және әлеуметтік қызмет атқару мамандығы бойынша білім алатын 213 оқу топтарынның курсанттары белсене қатысты.

Аталмыш іс-шарада курсанттар 4 топқа бөлініп, сайыстың басында топтарының атауын және өздерінің ұрандарын айтып, әділ қазылар алқасына таныстыра кетті. Әділ қазылар алқасында 3 курс курсанттары полиция қатарындағы Дүйсенбаева Ә, полиция кіші сержанты Ильясов Р және полиция кіші сержанты Құбайдолин Қайсар төрелік етті. Сайыстың бірінші кезеңінде сайыскерлер ұяшықтардағы теориялық  сұрақтарға жылдам әрі мағыналы жауап беріп жарысқан болатын, ал екінші кезеңде курсанттарға ситуациялық есептер берілді, тапсырма есептерді дұрыс және уақытылы шешіп, бағасын беру еді. Және сайысымыздың соңғы шешуші кезеңінде топ капитандары бақтарын сынады.

Сайыс өте қызықты өтті, себебі кейбір жағдайларда тіпті сайыскерлер мен әділ қазылар арасында да даулы сұрақтар пайда болып жатты. Сонымен қатар, курсанттардың топ болып, ұжым болып ұйымдастырылып жұмыс жасай алатындары байқалды.

Ал сайыс кезеңінде әділ қазылар өздерінің әділ бағасын бере алды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік құқығы пәні бойынша өткізілген викторина марапаттау шарасымен аяқталды.

Викторинамыздың қорытындысына келетін болсақ, үш кезеңнің қорытындысы бойынша 209 топ курсанттарының “Болашақ тергеушілер ” атты командасы 3-ші орынды, ал  208 топ курсанттарының ”Прокурорлар” атты командасы 2-ші орынды және сайысымыздың жеңімпазы, яғни ең үздік команда деп танылып 1-ші орын иеленген 207 топ курсанттарының ”Тергеушілер ” командасы болды.  Ал соңғы кезеңнің шешімі бойынша 207 топ курсанты Дүйсенбай А “Ең үздік капитан” атанды. Сондай-ақ, сайыс кезінде өзінің білімімен ерекше көзге түскен, сайысқа белсене қатысқан және тапқырлық танытқан  курсанттар Дүйсенбай А, Мұхаметханов, Сүндет, Қарашов, Қасым Қуаныш, Амангелді және тағы басқа курсанттар марапатталды.

Қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасы