1 Маусым

Адам өміріндегі ең үлкен бақыт — ұрпақ өсіру, бала тәрбиелеу. Бүгінгі бала елдің ертеңі, болашағы, ұлттың жалғасы. Иә, қай мемлекет болмасын, бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлетіні сөзсіз. Өйткені, өскелең ұрпақ елдің ертеңгі тізгінін ұстар азаматтары. Бар жақсылығын баларына көрсетіп, олардың жан-жақты тәрбиелі саналы болып ержетуіне қамқорлығын аямайтын мемлекеттің болашағы да жарқын.

Жаздың бірінші күніне дәл келетін, балаларды қорғау күні -халықаралық мерекелердің бірі, оны бүкіл әлемде 1950 жылдан бастап атап өтеді.

Балалар қорғауының халықаралық күні – бұл, алдымен, балалар өмірі құқықтарын, пікір мен дін бостандығын, білім алу, дем алу мен бос уақыт, денелік және психологиялық жәбірлеуден қорғау, балалар еңбегінің эксплуатациясынан қорғау құқықтарын сақтау қажеттігі туралы, адамгершілікті және әділді қоғам қалыптасуының қажетті жағдайлары ретінде үлкендерге ескерту.

Балаларды қорғау күні – барлық әлемдегі балалардың жағдайына назар аудару мақсаты болатын, ылғи әртүрлі іс-шаралар өткізуімен атап өтіледі.

Міне, соның бір айғағы ретінде ағымдағы жылдың 1 маусымы күні Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне қарасты Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының атынан курсанттар мен офицерлер Қостанай қаласындағы «Дельфин» балалар үйінде өткен Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекеге қатысып, өз тараптарынан сыйлықтарын табыс етті.

Мерекеге облыстық денсаулық басқармасы, «Ата» қорынан және тағы басқа да қонақтар қатысты.

Келген қонақтар балалар үйінің ұжымына бала тәрбиесіне қосқан баға жетпес еңбектеріне бас иіп, жүрек жарды тілектерін білдірді.

Тәрбие бөлімінің бастығы

 полиция полковнигі

 Б.Курмангалиева