Сәтті өткен жексенбі

Жексенбі – әрбір адам үшін асыға күтетін, еркін тыныға алатын бағалы да, қуанышты күн. Осындай жайма шуақ, ерекше күндердің бірінде, демалыс күндерінің бос уақыттарын ұйымдастыру және топтың ұйымшылдығын арттыру мақсатында , 2017 жылдың мамыр айының 28-ікүні Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының күндізгі оқыту факультетінің 103 топ курсанттары топ жетекшісі полиция майоры ҚайнарЕрболат Ержанұлымен бірге Қостанай қаласының «МOJITOY» демалыс орталығына  барып, демалып қайтты. Ауа райы да дәл серуендеуге арналғандай қолайлы болды. Демалыс орнына бара салысымен қыздарымыз ас әзірлеуге кірісіп кетті, ал ер балалар топқа бөлініп, түрлі спорттық ойындар, футбол, волейбол ойнап жарысты.Бұл олардың ұйымдастырушылық қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік берді.Тіпті курсанттар ойын соңында жүлделі де болып үлгерді.Топ жетекшіміз де біздерден қалыспай, сайыстарға қатысуға ат салысты.

Кейін таза ауа астында, табиғат аясында топ жетекшіміздің қолымен әзірленген палаудан ауыз тидік. Осылайша, курсанттар дастархан басында бір-біріне деген жылы лебіздері мен игі тілектерін айтып, уақытты тамаша өткізді.

Табиғат – адамның бойына қуат, көңіліне шабыт береді демекші курсанттар өз бойына күш жинап, бір сергіп қалды. Топ арасындағы ынтымақтастық пен ұйымшылдық одан сайын артып, бір-біріне деген сыйластық жоғары деңгейде көрінді, сондай-ақ бір-бірін жаңаша қырдан танып, жақындасып, ұжым жұмылдырыла түсті.Жағымды әсер, қуанышты сезіммен оралған курсанттар демалыс күнінің есте қаларлықтай, ойдағыдай, әрі сәтті өткеніне өте қуанышты болды.

 

                                                        103 – топ жетекшісінің көмекшісі

                                                        полиция қатарындағы

                                                        Э. Канатчина

 

103 – топ жетекшісі

полиция майоры

Е. Кайнар