ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша диагностикалық тестілеу басталды 25.05.2017 Бүгін, 2017 жылдың 25 мамырында Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының мемлекеттік тілді оқыту сабағына қатысатын және ниет білдірген қызметкерлердің алғашқы тобы Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының «Тілдарын облыстық тілдерді оқыту орталығы» КММ ұйымдастыруымен Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша диагностикалық тестілеуден өтті. Диагностикалық тестілеудің мақсаты — мемлекеттік тілді оқыту сабағына барып жүрген қызмектерлердің қазақ тілін білу деңгейін анықтау болып табылады. Екі күнге созылатын аралық тестілеу барысында 55-тен астам қызметкер өз білімдерін сынайтын болады. Мемлекеттік тіл бөлімшесі