«Мұражайдағы түн – 2017» интерактивті акциясы

Бүкіл әлемде жыл сайын «Мұражайдағы түн» акциясы өткізіледі. «Мұражайдағы түн» дегеніміз не? – бұл халықаралық акция, қазіргі мұражайлардың мүмкіндіктері мен әлеуеттігін көрсету, сонымен қатар мұражайға жастарды тарту оның мақсаты. Акция алғашқы рет 1997 жылы Берлинде өткізілді. Алғашында Францияның мәдениет және коммуникация министрлігінің бастамасымен акция «Мұражайлар көктемі» деп аталды, өйткені бүкіл әлемде 18 мамырда Мұражайлар күні аталып өтілетін еді. Сонымен, 2001 жылы акцияға Америка және Еуропаның 39 жуық елдері қатысты. 2005 жылы «Мұражайлар көктемі» акциясы «Мұражайдағы түн» акциясына айналды. Бұл түнде, әлбетте кешкісін ерте жабылатын мұражайлар түнде жұмыс істейді, сонымен қатар келушілер үшін ерекше бағдарлама дайындайды және осы келушілерден төлемге ақша алмайды.

Осындай акциядан Қостанай облыстық тарихи-өлкелік мұражай да тыс қалған жоқ. Осы мұражайдағы акцияға 18 мамырда ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 210, 213 және 214 оқу топтарының курсантары барды.

Курсанттардың назарына уақытша ұйымдастырылған «Ұлы Отан соғысының әскерлері ұрпақтардың есінде сақтаулы», «Ю. Новоселовтың атаулы сыйлығы үшін ІІ облыстық конкурсқа қатысушы жас суретшілердің портреттік жұмыстары» көрмелері; декоративтік-қолданбалы өнер шеберлері бұйымдарының жәрмеңкесі; Халықаралық мұражайлар күніне ұштастырылған фотосуреттер, әшекей бұйымдар көрмесі ұсынылды.

Қазақтың киіз үйіндегі халықтың қонақжайлылық дәстүрі, шәймен, бауырсақпен және ескілікті тәсілмен дайындалған көжемен құрметтеу; қазақтың ұлттық ойындары; «Триумф» балалар сән театрының салтанатты көріністері, сондай-ақ «Жұлдыздармен танысу» атты жол шетінде ұйымдастырылған астрономия курсанттарды жайбарақат қалдырған жоқ.

Дегенмен, курсанттардың есінде мықтап қалғаны «Темір тумен» тарихи қайта құру клубының Қостанай бөлімшесінің және орта ғасыр қару жасаушысы шеберханасының мүшелерінің тарихи жекпе-жек сайыстары. Музыкалық топтың орта ғасырдағы балладаларды орындап сүйемелдеуімен өткізілген осы сайыстар курсанттарды таң қалдырып, қатты қуантты.

«Мұражайдағы түн – 2017» интерактивті акциясы курсанттарға өте ұнады, оларға сан-алуан әсер берді, позитивті ойлар салды және жақсы көңіл-күй сыйлады.

Ішкі істер органдарында әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі Конвисарь А.А.

213, 214 оқу топтарының кураторы, полиция кпитаны Примкулова А.А.

 

 

 

Интерактивная акция «Ночь в музее – 2017»

Ежегодно во всем мире проводится акция «Ночь в музее». Что такое «Ночь в музее»? — это международная акция, цель которой показать возможности и потенциал современных музеев, а также, привлечь в музеи молодежь. Впервые акция была проведена в Берлине в 1997 году. Изначально, по инициативе министерства культуры и коммуникаций Франции акция имела название «Весна музеев», так как 18 мая во всем мире отмечается День музеев. Таким образом, в 2001 году в акции принимало участие около 39 стран Америки и Европы. В 2005 году «Весна музеев» переросла в «Ночь музеев». В эту ночь музеи, которые традиционно закрываются рано вечером, работают до поздней ночи, а также готовят для посетителей необычную программу и не берут плату за посещение.

Не остался в стороне от такой акции и Костанайский областной историко-краеведческий музей, который посетили 18 мая курсанты 210, 213 и 214 учебных групп Костанайской академии МВД РК имени Шракбека Кабылбава.

Вниманию курсантов были представлены экспонирование временных выставок «Солдаты Великой Отечественной войны в памяти поколений», «Выставка портретных работ молодых художников, участников II Областного конкурса на соискание именной премии Ю.Новоселова»; ярмарка изделий мастеров декоративно-прикладного искусства; выставка фотографий, сувениров, приуроченная к Международному дню музеев.

Не оставили равнодушными наших курсантов традиции народного гостеприимства в казахской юрте, угощение чаем, баурсаками и коже, приготовленным по старинному рецепту; казахские национальные игры; дефиле детского театра моды «Триумф», а также тротуарная астрономия «Знакомство со звездами».

Но самым запоминающимся для курсантов были рыцарские поединки членов Костанайского отделения клуба исторической реконструкции «Темір тұмен» и мастерская средневекового оружейника. Конечно же, курсанты были в восторге от рыцарских боев, которые сопровождались средневековыми балладами в исполнении музыкальной группы.

Интерактивная акция «Ночь в музее – 2017» очень понравилась курсантам, которые получили массу хороших впечатлений, позитивные эмоции и отличное настроение.

Старший преподаватель кафедры организации социальной работы в органах внтуренних дел, подполковник полиции Конвисарь А.А.

Куратор 231-214 учебных групп, капитан полиции Примкулова А.А.