«Пенитенциарлық пробация» тақырыбындағы ғылыми талқылау

2017 жылдың 18 мамыр күні ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының оқу залында «Пенитенциарлық пробация: Қазақстан Республикасындағы дамуы және оның қазіргі таңдағы жағдайы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Аталмыш дөңгелек үстелге ҚР  ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының қылмыстық, қылмыстық-атқару және криминология кафедрасының, ІІО әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру кафедрасының және ғылыми-зерттеу орталығының профессорлық-оқытушылық құрамы, ғылыми және педагогикалық магистратураның магистрлері, 2 және 3 курс курсанттары, «Прововед» ғылыми үйірмесінің мүшелері, сондай-ақ Қостанай облысы бойынша ҚАЖД пробация қызметінің қызметкерлері қатысты.

Өткізілген дөңгелек үстелде пробация қызметінің және ҚАЖ мекемелерінің пенитенциарлық пробация бойынша жағдайы туралы айтылып, оларға заңнамалық талдау жасалынды. Сондай-ақ, «Қазақстан Республикасының пробациясы туралы» қысқаметражды бейне роликтер көрсетіліп, дөңгелек үстелдің қатысушылары өздерінің дайындап келген мақалаларын оқып, пікір алмасып, тақырыпты талқыға салды.

Қорытындылай келе, жиналыс соңында дөңгелек үстелде қозғалған тақырыптарды және айтылған ұсыныстарды қарастырып, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін шығарды.

Қылмыстық, қылмыстық атқару

құқығы және криминология кафедрасы