Академияда курсанттар баспасөз қызметі құрылды

Академиямызды ақпараттық тұрғыда елге жан-жақты жандандырып көрсету, таныту және оқу мен жалпы курсанттарымыздың өмірі жайлы мағлұматтар адамдарға қолжетімді болу мақсатында Академияның курсанттар баспасөзі құрылғанына көп болған жоқ.

Академия баспасөз қызметінің хатшысы Оспанов Мейрам Маратұлының бастауымен құрылған курсанттар баспасөз қызметі осы уақытта өз жұмыстарын атқаруда. Дегенмен олар Академия аумағының ішінде болып жатқан жаңалықтарды сайт, газет беттеріне жариялаумен ғана шектеліп  жүрген болатын.

Енді олар үшін өз біліктіліктерін арттыруға үлкен мүмкіндік туды. 17-19 мамыр аралығында жоғары оқу орындарының арасында жыл сайын өткізілетін дәстүрлі «Студенттік көктем» іс-шарасы. Енді ғана буындары бекіп келе жатқан курсанттар баспасөз қызметі үшін бұл үлкен сынақ болатыны анық. Олар үшін әр адаммен қарым-қатынас, тіл табысу мағлұмат жинау сияқты баспасөз мүшелеріне керек барлық қабілеттерге үйренуге бұл толық мүмкіншілік туғызып отыр.

Осындай мүмкіншілік туғызып, курсанттар баспасөз қызметіне сенім артып, қызметтінің жандануына қол ұшын беріп отырған Академия бастығы полиция генерал-майоры Мирлан Ахмедияұлы Қызыловқа олардың айтар алғысы шексіз. Енді сенімді ақтау үшін баспасөз курсанттарының барлығы жұмылып бір ұжыммен нәтиже көрсетіп, Академиямыздың беделін, оң имиджін арттыру жолында тер төгіп жұмыс істейтіні анық. Олардың алдына қойылған талаптар мен тапсырмалар жетерлік. Курсанттар баспасөзі барлық тапсырмаларды ойдағыдай орындап, осы бастауды  Академиямыздың таныту жағынан жарық айнасы болатынына сенеміз. Алдағы күндері курсанттар баспасөз қызметіне тілерім,  тек СӘТТІЛІК !!!

Академияның курсанттар

баспасөзінің мүшесі

Д. Әділдәбеков